04.11.2024, 10:09 10256
Түркістанда "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобы ұсталды
Достарға айту
ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Кентау қаласында "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, "шариғат" нормаларын енгізуге бағытталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.11.2024, 13:28 9091
Алматыда полиция пәтер ұрыларын қылмыс орнында ұстады
Достарға айту
Алматы полицейлері пәтер ұрыларын әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның хабарлауынша, олар негізінен шаһардың тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген. Жедел уәкілдер арнайы іс-шараны арнайы жасақ полицейлерінің көмегімен жүргізді.
Қаскөйлер қылмыс орнында ұсталды. Олар ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын 6-шағын аудандағы пәтерлердің біріне терезені арқылы кіріп, одан алтын бұйым мен қожайындардың жиған-тергенін ұрлап кеткен. Екі күдікті де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Олардың бірі - Ақмола облысының тұрғыны, екіншісі - солтүстік жақтан келген адам. Біздің жедел деректерге сәйкес, бұл "дуэттің" кем дегенде осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар. Олар негізінен қаланың Әуезов, Медеу және Бостандық аудандарында ұрлықпен айналысты. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.11.2024, 13:24 9176
ҚМА "Кезби" компаниясына қатысты қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша іс қозғалды
Достарға айту
ҚМА "Кезби" компаниясының қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарады деп күдіктелуде.
2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасты.
Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.
Алайда, қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай жымқырған.
2024 жылғы 3 қарашада күдікті Е.Кезбаев ұсталды.
Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.11.2024, 12:43 9606
Маңғыстау облысында 60 құрылыс салушыға заңсыз мәмілелер жасағаны үшін айыппұл салынды
Достарға айту
Соңғы екі жылда облыс прокуратурасының актілері бойынша 60 құрылыс салушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 46 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында салынып жатқан 5 тұрғын үй кешеніне ("Manhattan" - 41 ш.а., №1/1 учаске, "Достық" - 20 ш.а., 21 үй, "Премьер" - 14 ш.а., 84 үй, "Adal Town" - 29 ш.а., 171 үй, "Aktau Riviera" - Жылы жағажай аймағы, 120 ғимарат) үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат берілді.
Өз кезегінде, жаңа ғимараттарда пәтерлерді таңдау кезінде бірнеше тармаққа назар аудару керектігін хабарлаймыз.
Атап айтқанда, құрылыс компаниясында келесі құжаттар болуы керек:
- құрылыс компаниясында жергілікті атқарушы органдардан алынған жерге тиісті құқық беру туралы шешім;
- инженерлік қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтер көздеріне қосылуға техникалық шарттар;
- салымшылардың қаражатын тартуға рұқсат (бірыңғай оператордың кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы және көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін).
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органнан сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынып, бас сәулетшімен келісілген нобайлық жоба, жұмыс жобасы сараптамасының оң қорытындысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болуы маңызды.
Егер бұл құжаттар ұсынылмаған жағдайда, құрылыс объектісі заңсыз, яғни тиісті рұқсат құжаттармен ресімделмеген болып есептеледі.
Қажетті рұқсаттары бар салынып жатқан тұрғын үй кешендері туралы ақпаратты әкімдіктің сайтынан алуға болады (https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tr/press/news/details/666811?lang=kk).
Егер сіз жосықсыз құрылыс салушыға тап болсаңыз, келесі телефон арқылы хабарласыңыз (46-21-62 немесе 87021204230).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.11.2024, 12:21 9866
Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды
Достарға айту
Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдарын анықтады.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде "Кибернадзор" жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.
Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.11.2024, 16:14 26826
Қазақстанда бір айда шекарадан қару алып өтпек болған 90-нан астам жағдай әшкереленді
Достарға айту
Қазақстанда бір айда шекарадан қару алып өтпек болған 90-нан астам жағдай әшкереленді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіның баспасөз қызметінен.
Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында а.ж. қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 4 640 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады, соның ішінде:
- 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту фактісінің алдын алынды, оның ішінде:
- 41 факті - есірткі заты;
- 91 факті - ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер);
- 23 факті - діни әдебиет (2 001 дана);
- 459 факті - жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 000 литрден астам);
- 616 факті - жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 млрд теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 млн теңгеден астам);
- 204 факті - жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактінің алдын алынды, сондай-ақ:
- 31 дана - жүзу құралы;
- 70 км тор - браконьерлік аулау құралы;
- 299 дана (1 765,1 кг) - бекіре тұқымдас балық;
- 904 дана (2 165 кг) - таза тұқымдас балық;
- 13 дана - итбалық.
- Алдын алынған залал сомасы шамамен 671 млн теңгені құрады.
- Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
- Мемлекеттік шекарада қандай-да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.11.2024, 11:44 27751
АҚШ-тан Қазақстанға зергерлік бұйымдарды ойыншық ретінде әкелуге тырысқандар ұсталды
Достарға айту
АҚШ-тан Қазақстанға зергерлік бұйымдарды ойыншық ретінде әкелуге тырысқандар ұсталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды. Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді.
Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.
Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2024, 15:45 37086
Павлодар облысында полиция құны 100 млн теңгеден асатын вейпті тәркіледі
Достарға айту
Заңсыз қызметі үшін 5 күдікті ұсталды. Павлодар облысы полиция департаментінің жедел қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын қауіпті электрондық темекі, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер жүздеген мың электронды темекі құрылғысын, 1 миллион теңгеден астам ақша қаражатын, бухгалтерлік құжаттаманы, жазбалар және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тапты.
Заңсыз қызметі үшін 5 азамат ұсталды, олар топта әрекет ете отырып, интернет-ресурстар арқылы Павлодар аумағында электрондық темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді өткізуді ұйымдастырды.
Темекіге жатпайтын темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Полиция 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ оларға сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2024, 15:41 35436
Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді
Достарға айту
Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
21 жастағы ер адам қала аумағында "синтетика" таратумен айналысқан. Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады.
Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.11.2024, 12:12Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ливаннан қазақстандықтар эвакуацияланды 04.11.2024, 10:17 29791Каспий теңізіне шамамен 17 миллиард текше метр су жіберілді04.11.2024, 12:26 29501Үкіметте жыл соңына дейін инфляцияны тежеу шаралары талқыланды04.11.2024, 12:30 29001Қазақконцерт әртістері Чехияда өнер көрсетті04.11.2024, 12:48 28616Қазақстанда IT-мамандарға арналған жаңа виза түрі іске қосылды
31.10.2024, 16:22 97346ЕХӘҚМ мүгедектердің білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасамақ31.10.2024, 15:23 95641Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды01.11.2024, 16:30 94836Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды01.11.2024, 16:38 94496Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:27 75781Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді
24.10.2024, 16:52 137466Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 134146Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 131481Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 127026Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 126901Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді