10.09.2024, 13:47 30561

Қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі, өткен жылдың қараша айынан бері қоғамдық көлікте торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды.

Орташа есеппен, қаскүнемдердің күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңгені құраған.

Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қадағалау органы азаматтарды қырағы болуға және сақтық танытуға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны