10.09.2024, 14:19 35906

Қызылорда облысында дәрілік заттар айналымы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды

Қызылорда облысында дәрілік заттар айналымы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тексеріс нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіздәрі-дәрмек тағайындалған.

Медициналық нұсқаулықсыз 170 науқасинсулин препараттарымен қамтамасыз етілген.

Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған.

Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан.

Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны