26.03.2025, 16:03 16771

Қызылорда облысында есірткі трафигінің ірі арнасы тоқтатылды

Қызылорда облысының ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен есірткі тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.

Самара-Шымкент тас жолы бойында Шижа елді мекенінің тұсында есірткі сақтады деген күдікпен автокөлік тоқтатылып, жүргізушіні тексеру барысында 9 полиэтилен пакетке оралған салмағы 557 гр. болатын кептірілген марихуана анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны