24.02.2025, 13:20 1706

Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды

Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратурадан.

Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ҚР азаматына қатысты үкім шығарды. Ол есірткі затын - "гашишті" заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталған.

Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні кейін сатуды жоспарлаған.

Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдарының жедел жұмысының арқасында Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол берілмеді.

Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны