07.11.2024, 12:30 47286

Жетісу прокуратурасы негізсіз ұсталған салықты мүгедектігі бар балалардың ата аналарына қайтарып берді

Жетісу прокуратурасы негізсіз ұсталған салықты мүгедектігі бар балалардың ата аналарына қайтарып берді, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Жетісу прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларынан жеке табыс салығының заңсыз ұсталғанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде 2 млн теңгеден астам қаражат қайтарылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жеке табыс салығын төлеуден босатылған.

Алайда, Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 346-бабы 1-бөлігінің 3) тармағының талаптарына қайшы келе отырып, аталған азаматтардан негізсіз салық ұстаған.

Атап айтсақ, мүгедек баласы бар білім бөлімінің қызметкерінен 2021 жылдан 2023 жылға дейін 400 мың теңгеден астам қаражат ұсталған.

Тексеру одан өзге 19 ата-ана мен қамқоршыға қатысты осындай құқық бұзушылықтарды анықтады. Барлық заңсыз ұсталған ақша қайтарылып, салық бөлімінің басшысына "сөгіс" жарияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны