Тоқаев ЕАЭО-дағы азық-түлік бағасын ұстап тұру шараларын ұсынды
БҰҰ мәліметтері бойынша, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы соңғы үш жылда ең жоғары деңгейге жеткен. Ағымдағы жылдың басынан бері әлемдік азық-түлік бағаларының индексі 116 тармақты құрады. 2030 жылға қарай азық-түлікке деген сұраныс 35 пайыздан асады деп болжануда. Бұл алаңдатарлық үрдіс", - деді Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында.
Оның айтуынша, Одаққа мүше әрбір елдің азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға әлеуеті жетеді. Сонымен қатар ішкі нарықты қорғау жөніндегі шектеу шаралары агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежеп, азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін.
Әрине, кейбір жекелеген жағдайларда олардың уақытша қолданылуы өзін ақтады. Дегенмен мұндай шектеулердің біздің Одаққа мүше елдерге қатысы болмауы тиіс деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент аграрлық ғылыми мекемелер арасындағы ықпалдастықты күшейтуді, ауыл шаруашылығы өнімдерін үшінші елдердің нарығына экспорттау ісін ұлғайту шараларын жандандыруды ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Одаққа мүше елдермен бірге шекара маңы инфрақұрылымын дамытуға дайын.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанмен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық орталығы жобасын мысалға келтірді. Сондай-ақ Одақ аясында сауда-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарының жүйесін құрудың маңызы артып отыр. Мұндай жүйе мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агроөнеркәсіп секторының әлеуетін қолдауға, шығындарды азайтуға, сәйкесінше, негізгі азық-түліктердің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Еуразия елдері өздерінің транзиттік әлеуетін толық жүзеге асыруы керек. Мен көлік күре жолдарындағы трансшекаралық учаскелерді жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жандандыруды, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында "Батыс Еуропа – Батыс қытай" автомагистралінің құрылысын аяқтауды тағы да ұсынамын", – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан басқа, оның пікірінше, Одақ шеңберінде сауда-логистикалық және көтерме-тарату орталықтары жүйесін құру да үлкен маңызға ие болуда.
Мұндай жүйе біздің елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін қолдайды, шығындарды және, тиісінше, негізгі азық-түлік бағаларын төмендетеді", - деп түсіндірді Тоқаев.
Сөз сөйлеу барысында ҚР Президенті ЕАЭО аумағындағы құрлықтағы бағыттарды жаңғырту қажеттігі туралы да айтты.
Суэц каналындағы наурыз оқиғасы сауда жолдарының нәзіктігін және олардың әлемдік саудаға әсерін айқын көрсетті. Бұл оқиға жердегі маршруттардың маңыздылығын растады. Еуразия елдері өздерінің транзиттік әлеуетін толығымен іске асыруы керек. Көлік артерияларының трансшекаралық учаскелерін жаңғырту жөніндегі жұмысты тағы да жеделдетуді ұсынамын. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралін қайта жаңартуды аяқтау қажет", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев ЕАЭО аясында электрондық сауданы дамыту қажеттілігі туралы айтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.