05.01.2025, 16:46 13166

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды
Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Осылайша, Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.

Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда.

Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны