23.06.2022, 17:12 19081

Доллар бір тәулікте шамамен 11 теңгеге қымбаттады

НҰР-СҰЛТАН. 23 МАУСЫМ - Қазақстан Ұлттық Банкі 24 маусымға валюта бағамын жариялады, оған сәйкес доллар бір тәулік ішінде 10,7 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Егер бүгінгі таңда америкалық валютасының ресми бағамы 454,11 теңгені құраса, ертең ол 464,81 теңгені құрайды, деп хабарлады Ұлттық Банк. Екі күннің ішінде доллар бірден 16,88 теңгеге қымбаттады.
 
Еуро да бірден 11 теңгеге қымбаттады. Ертеңге жарияланған бағам - 488,79 теңге, бүгінгі - 477,68 теңге 1 еуроға.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны