16.08.2021, 18:27 8222
Қазақстандықтар салық бойынша 23 млрд теңгеге қарыз жинады
Достарға айту
Көлік салығы бойынша жалпы берешек сомасы 21,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 17,5 млрд теңге, өсімпұлдар - 3,9 млрд теңге.
263 802 жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешек 1,1 млрд теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 877,1 млн теңге, өсімпұлдар - 269,9 млн теңге.
Сонымен қатар, 261 801 жеке тұлғаның жер салығы бойынша қарыз 409,5 млн теңгені құрады, оның ішінде негізгі сомасы 282,7 млн теңге, өсімпұлдар - 126,8 млн теңге.
Салық заңнамасы салық міндеттемесінің орындалуын кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептеуді қарастырады, ал айыппұлдарды қолдану заңда көзделмеген", - деп ескертті ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.02.2025, 10:39 621
Акциздердің жаңа мөлшерлемесі: жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80% бюджетке бағытталады
Достарға айту
Акциздердің жаңа мөлшерлемесі: жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80% бюджетке бағытталады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №173 қаулысына өзгеріс енгізетін қаулы жобасын әзірледі.
Құжат ЖЖМ бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда жанармай өндірушілер мен сатушылардың қосымша маржиналдылығын 80%-ын бюджетке бағыттау мақсатында бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына қосымша акциздің мөлшерлемесін белгілеуді көздейді.
Осылайша, шара жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80%-ын бюджетке қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қосымша акциздер ағымдағы деңгейден бағалар өскен кезде ғана пайда болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 12:42 13291
Қазақстан ОПЕК+ адалдығын растайды
Достарға айту
Қазақстан ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің кешегі 58-ші отырысы аясында ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрдігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылға артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына байланысты биыл өндірістің ұлғаюына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздер жүргізетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 17:10 23511
Елімізде "Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы" (ҰКДИ) жобасын іске асыру аяқталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы" (ҰКДИ) жобасын іске асыруды аяқтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
ҰКДИ - цифрлық экономиканы, геокеңістіктік қызметтерді және ГАЖ, BIM, Smart City, пилотсыз көлік, VR/AR, дәл егіншілік сияқты инновациялық технологияларды дамытудағы маңызды қадам.
Жоба аясында геодезия, картография және кеңістіктік деректердің цифрлық трансформациясы саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.
Жобаның негізгі жетістіктері:
Мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілер жаңғыртылды.
Қазіргі заманғы мемлекеттік координаттар жүйесі - QazTRF-23 (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, 2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізі) енгізілді. Бұл жүйе CORS тұрақты жұмыс істейтін референцтік станциялар желісімен бекітілді (1942 жылғы координаттар жүйесінің орнына).
Координаттар жүйелері арасындағы трансформация параметрлері (қайта есептеу кілттері, деформация матрицасы) әзірленді.
QazTRF-23 негізінде Бірыңғай цифрлық картографиялық негіз (БЦКН) құрылды, оған келесі кіреді:
Республика аумағының 1:25 000, 1:100 000 масштабтағы карталары.
Қалалар мен аудан орталықтарының 1:2 000 масштабтағы жоспарлары.
QazTRF-23 негізінде Бірыңғай ортофотомозаика жасалды, оған келесі кіреді:
Республика аумағының 1:25 000 масштабтағы аэроғарыштық түсірілім материалдары.
Қалалар мен аудан орталықтарының 1:2000 масштабтағы аэрофототүсірілім материалдары.
Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету" (ggo.gov.kz) ақпараттық жүйесі құрылды, ол CORS желісін басқаруды, QazTRF-23 тарату мен қызметтерді автоматтандыруды, тұрақты референциялы станцияларды мемлекеттік геодезиялық желіге қосу процестерін, геодезиялық пункттердің жағдайы туралы кері байланысты қамтамасыз етеді. ҒНСЖ-қабылдағыштарға нақты уақыт режимінде (RTK) координаттарды түзету үшін қажетті ақпаратты ұсынады. Сондай-ақ, жүйеде QazTRF-23-тегі геоедезиялық пункттердің координаттар каталогы жарияланған.
ҰКДИ мемлекеттік геопорталы" ақпараттық жүйесі (map.gov.kz) құрылып, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бұл бірегей цифрлық картографиялық платформа, онда БЦКН, республиканың барлық аумағының, қалалар мен аудан орталықтарының бірыңғай ортофотомозаикасы жарияланған, сондай-ақ платформа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың (әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары, СҚАЖ, көліктік инфрақұрылым және т.б.) кеңістіктік деректерге, ақпараттық жүйелерге, геопорталдарға, геосервистерге және олардың мета деректеріне сілтемені қамтиды. "ҰКДИ мемлекеттік геопорталы" АЖ-де "Өз картаңды жасау" құралы арқылы пайдаланушылар әртүрлі деректерді жинақтап, кешенді талдау жүргізе алады.
Барлық картографиялық материалдар мен кеңістіктік деректер ҰКДИ мемлекеттік геопорталында жарияланған және цифрлық форматта қолжетімді.
Онлайн картографиялық сервис ҰКДИ картографиялық материалдарды жүктеуге мүмкіндік береді, осылайша қазақстандық стартаптар, картографиялық және IT-компаниялар үшін Google Maps, Yandex такси, 2ГАЖ анықтамалығы сияқты сервистерді әзірлеп, бизнес пен азаматтарға ұсынуға жағдай жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 16:58 23786
Қазақстанда жылдық инфляция шамамен 9% құрады
Достарға айту
Қазақстан Республикасындағы инфляция 2025 жылғы қаңтарда үдеп, бір жылда 8,9% (2024 жылғы желтоқсанда - 8,6%), бір айда - 1,1% құрады (өткен айда - 0,9%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,8% (2024 жылғы желтоқсанда - 13,3%), азық-түлік емес тауарларға - 8,4% (2024 жылғы желтоқсанда - 8,3%), азық-түлік тауарларға - 5,8% өсті (2024 жылғы желтоқсанда - 5,5%).
Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда тарифтер суық суға - 43,2%, су бұруға - 26,1%, орталықтан жылытуға - 23,1%, ыстық суға - 21,3%, электр энергиясына - 18,9%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 12%, қоқыс шығаруға 10,3% өсті.
Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне - 26%, байланыс қызметтеріне - 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 12%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне - 11,9%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге - 11,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне - 10,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне 9,3%, жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру - 18,6%, қалалық автобуспен - 10,5%, жолаушылар әуе көлігімен 7,2% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 15,3% өсті.
Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына - 41,5%, зергерлік бұйымдар және сағаттарға - 24,9%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге - 22,9%, киім және аяқ киімге - 10,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 10,3%, фармацевтикалық өнімдерге 8,6% өсті. Ағаш - 15,4%, сұйытылған газ баллондағы - 10,2%, тас көмір 8,6% қымбаттады.
Бағаның өсуі картопқа - 59,3%, басты пиязға - 25,1%, минералды және ауыз суға - 16,7%, темекі өнімдеріне - 14,6%, кондитерлік өнімдерге - 13,3%, сары майға - 13%, салқындатылған сусындарға - 12,3%, қайта өңделген және консервіленген балыққа - 11,9%, жеміс және көкөніс шырындарға 11% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына - 21,6%, сәбізге 5,3% байқалды.
Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы қаңтарда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын он екі өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары - Астана қаласында (11,2%), Қарағанды (9,9%), Батыс Қазақстан (9,7%), Солтүстік Қазақстан (9,6%) облыстарында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 16:48 48686
Жапонияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 8 миллиард доллардан асты
Достарға айту
Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз "Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік" деп айтамыз", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.
Арнаулы кеңесші Президентке Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибаның ыстық ықыласын жеткізді, сонымен қатар Токионың қазақ-жапон сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі жандандыруға бейілдігін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Акихиса Нагашима жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, сауда, энергетика, көлік, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларындағы, сондай-ақ климаттық өзгеріс мәселелері бойынша екіжақты өзара ықпалдастықты тереңдетудің перспективасын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 11:33 50171
ЕАЭО ЖІӨ тұрақты өсуді көрсетіп отыр
Достарға айту
Олжас Бектенов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Шағын құрамдағы ЕҮАК отырысына Одаққа қатысушы елдер үкіметтерінің басшылары: Беларусь Республикасы - Роман Головченко, Қырғыз Республикасы - Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы - Михаил Мишустин, Армения Республикасы вице-премьері Мгер Григорян, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңындағы халықаралық диалогтің маңызды екеніне тоқталып, қабылданған шешімдер интеграциялық үдерістердің дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде, Беларусь Республикасының Премьер-министрі, ЕҮАК төрағасы Роман Головченко ЕАЭО елдерін тығыз экономикалық қатынастар мен ауқымды сауда айналымы байланыстыратынын атап өтті.
Төрағалық етуші тараптың мәліметінше, бүгінде Одақтың ЖІӨ тұрақты өсуді көрсетіп отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Одақ экономикасының жұмыс істеуінің негізгі көрсеткіші шамамен 4%-ды құрайды. Сонымен қатар 2030 жылға дейін ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияда, оның ішінде әлемдік экономиканы дамытудың соңғы үрдістерін, жаңа технологиялар мен инновациялардың пайда болуын ескере отырып, Одақтың жалпы көзқарасына жақындау үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігі атап өтілді.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістің тұрақтылығын арттыруға және саланың инновациялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды қолдау тетігі талқыланды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясын, тұқым шаруашылығын дамыту ретінде, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, АӨК инфрақұрылымын кеңейту сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту перспективалары бойынша пікір алмасты. Аталған бағыт бойынша жұмысты жандандыру қажет екені атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 16:34 55051
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты сауда көлемі 1 1,6 млрд жетті
Достарға айту
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Алматыға келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиевпен келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, су, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Олжас Бектенов екі мемлекет басшылары - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров арасындағы белсенді саяси диалог екіжақты ынтымақтастықтың барлық ауқымын жаңа деңгейге көтеріп, барлық салада жоғары серпінді қамтамасыз еткенін атап өтті. Өткен жылдың 11 айында екіжақты сауда көлемі артып, $1,6 млрд-қа жетті. Жеткізілетін тауарлар аталымын кеңейту арқылы оң үрдісті сақтау мен сауда құрылымын жақсартудың маңыдылығы көрсетілген. Қазақстан өз тарапынан жалпы құны $203 млн-нан асатын 175 атаудағы өнім экспортын арттыруға дайын. Олардың қатарында мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар.
Өзара сауда көлемінің 20%-ға жуығын құрайтын ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді арттыру жөніндегі жол картасы іске асырылуда. 2024 жылдың 11 айында АӨК саласындағы тауар айналымы 5,5%-ға өсіп, $313,6 млн-ды құрады. Бұл ретте Қазақстаннан астық экспорты 40,4 мың тоннаны, ал ұн - 53,2 мың тоннаны құрады.
Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектісі - өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорындар құруға бағытталған инвестициялық өзара іс-қимыл. Бұл бағытта өнеркәсіптік кооперацияны айтарлықтай нығайта алатын бірқатар бірлескен перспективалық жоба пысықталуда. Соның бірі - Таш-Көмүр қаласындағы ферроқорытпа зауытының құрылысы. Оның ашылуы екі елдің ірі бизнесі үшін маңызды болмақ. Жалпы, 2024 жылдың 11 айында екі ел арасындағы өнеркәсіп тауарларының айналымы $985,5 млн-ды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артық. Бұл ретте Қазақстаннан шығатын экспорт көлемі 13,5%-ға өсті.
Тараптар су-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Бірлескен шаралардың арқасында 2024 жылғы суару маусымы шығынсыз өткені айтылды. Биыл Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде вегетацияаралық кезеңді қауіпсіз өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі - көлік-транзит әлеуетін арттыру. 2024 жылдың 9 айында автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық жүк тасымалдау көлемі 16%-ға артып, 1,7 млн тоннаны құрады. Осыған байланысты бірлескен шекараның өткізу мүмкіндігін, сондай-ақ жүк тасымалдаушылар үшін транзиттің тартымдылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-министрі мен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 16:12 55276
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 300 млн долларға жетті
Достарға айту
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматы қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар Иран Ислам Республикасының өткен жылғы желтоқсан айында Еуразиялық экономикалық одақта байқаушы мәртебесін алуы екіжақты қатынастардың барлық бағыты бойынша дамуына ықпал ететінін атап өтті. Иран - Қазақстанның Каспий аймағындағы тату көршісі. Өткен жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 8,1%-ға артып, шамамен $300 млн-ға жетті.
Қазақстан тарапы жалпы құны $132 млн-нан асатын 60 тауар түрін әртараптандыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және ауқымын кеңейтуге қызығушылық танытты. Атап айтқанда, биыл елімізде 26 млн тоннадан астам астық жиналды. Отандық экспорттаушылар бидай, арпа және майлы дақылдарды қоса алғанда, астық өнімдеріне деген Иран нарығы сұранысын қанағаттандыруға дайын. Жалпы, өткен жылдың 11 айында Қазақстан мен Иран арасындағы агроөнеркәсіп тауарының айналымы 25%-ға артып, $186 млн-ға жетті.
Солтүстік - Оңтүстік" халықаралық дәлізі шеңберінде жүк тасымалдау көлемін арттыру, транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту және инфрақұрылымды дамыту мақсатында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан (Ақтау, Құрық) және Иран (Анзали, Амирабад) порттары терминалдарын жаңғыртудың келешегі мәселелері қаралды.
Біздің басты мақсатымыз - екі мемлекет басшылары айқындаған міндеттерді толығымен жүзеге асыру және Қазақстан-Иран ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтеру. Біздің сауда-экономикалық әріптестігіміздің әлеуеті жоғары, оны одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Өзара құрмет пен достық аясында өтіп жатқан бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекеттеріміз географиялық және аумақтық жағынан байланысып жатыр. Елдеріміздің көшбасшылары арасында сындарлы саяси диалог орнатылды. Екі мемлекет басшылары үкіметтер алдына екіжақты сауда көлемін $3 млрд-қа дейін арттыру міндетін қойды. Біз өз тарапымыздан екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін жан-жақты талқылауға дайынбыз", - деді Мохаммад-Реза Ареф.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.02.2025, 09:44Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегіші екі есе артық су жинай алады 05.02.2025, 10:26 1466ШҚО әкімі оған хат жолдаған 3-сынып оқушысымен кездесті05.02.2025, 10:35 1116Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізуде05.02.2025, 10:14 861Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді05.02.2025, 10:39 606Акциздердің жаңа мөлшерлемесі: жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80% бюджетке бағытталады
30.01.2025, 18:56 119886Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады31.01.2025, 16:58 117921"Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын Лаззат Чинкисбаева басқарады31.01.2025, 11:27 113676Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 112886"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 112471Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
24.01.2025, 16:38 133021Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 130291Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 129991Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 127321Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1223512024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді