24.11.2022, 18:19 27431

Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті

Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
 
2021 жылы 960,5 мың гектар болған күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы биыл 1 млн гектарға дейін ұлғайды.
 

Егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96% жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

 
Сонымен қатар, күнбағыс майын өндіру көлемі өсіп келеді. Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.
 
Отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.
 
Бұған дейін Қазақстаннан күнбағыс майының экспорты үш есеге жуық өскені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны