04.02.2022, 18:08 22156

Бизнесті тексеруге мораторийге ерекшелік енгізілді

Әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушылар үшін бизнесті тексеруге мораторийге ерекшелік енгізілді.
Бизнесті тексеруге мораторийге ерекшелік енгізілді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 4 АҚПАН - Әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушылар үшін бизнесті тексеруге мораторийге ерекшелік енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
 "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 жарлықтағы ерекшеліктер тізімі №13 тармақпен толықты. Оған сәйкес, әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тексеріледі.
 
Жарлық 2022 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны