27.04.2021, 23:05 14076

Ақмола облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсуі байқалады

КӨКШЕТАУ. 27 СӘУІР - Ақмола облысында ауқымды жобаларды белсенді іске асырудың арқасында негізгі капиталға инвестициялар көлемі өсуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша Ақмола облысының экономикасына өткен жылдың деңгейіне қарағанда 9,5% өсіммен 80 млрд теңге инвестицияланды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
 
Инвесторлар үшін басым салалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі, жаңартылатын энергетика және құрылыс болып табылады.
 
Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ақпараты бойынша қаржыландырудың негізгі көздері инвесторлардың меншікті қаражаты болып табылады. Өсім "Қазақалтын" ТМК" АҚ (Степногорск) ірі жобаларына, "Golden Energy Corp." ЖШС жел электр станциясының (Ерейментау ауданы) және "Ақ Дала Агро" ЖШС құс фабрикасының (Аршалы ауданы) құрылысына инвестициялар салу есебінен қамтамасыз етілді.
 

Биыл 2,4 мың жұмыс орнын құрумен 112 жобаны іске қосу жоспарланған, олардың ішінде индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жоба бар. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 9 жоба іске қосылды. Сондай-ақ, RG Processing алтын өндіру фабрикасы және "Макинская құс фабрикасы" құс фабрикасының 3 - ші кезегі сияқты бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда", - деп атап өтті облыстық ведомствода.

 
Айта кетейік, тартылған сыртқы инвестициялар көлемі 2020 жылғы деңгейден 2,7 есе көп. Бүгінде шетелдің қатысуымен экономиканың түрлі секторларында 7 жоба іске асырылуда. Бұл - Дания, Қытай, АҚШ және басқа да елдермен бірлескен жобалар.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны