15.11.2024, 15:16 1236
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
Достарға айту
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды", деп көрсетілген қаулының мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.11.2024, 15:50 786
ТЖМ құтқарушылары өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізуде
Достарға айту
Шымкент қаласының әуежайында әуе кемесіндегі өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық мақсатына сәйкес "Алматы-Шымкент" бағыты бойынша ұшқан "АН-24" ұшағының апаттық қонуы салдарынан өрт орын алды. Әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болды. Шасси тағанының істен шығуы, қозғалтқыштың және оң жақ жанармай багының бұзылуы салдарынан жанармай төгіліп, өрт шықты. Әуежайдың ұшуларды іздестіру мен апатты-құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері қаланың өрт сөндірушілерімен және құтқарушыларымен бірлесіп әуе кемесіндегі өртті сөндіру, экипаж бен жолаушыларды құтқару жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде дағдыларын жаттықтыру, сондай-ақ әуежайдың бөлімшелері мен қалалық қызметтерінің өзара бірлесіп қызмет атқару іс-қимылдарын машықтау болды. Оқу-жаттығудың соңында талдау жүргізіліп, қорытынды жасалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 15:50 29436
ІІМ мопедтерге нөмірлік белгілердің қашан берілетінін хабарлады
Достарға айту
ІІМ өкілдері ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында түсіндіргендей, 3 қазанда мопедтерге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беруді көздейтін заңға қол қойылды, деп мәлім етті ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Осылайша, мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі, сәйкесінше олардың бұзушылықтары автоматты тіркеу жүйелерімен, сондай-ақ күнделікті жол қозғалысын қадағалау кезінде полиция қызметкерлерімен анықталады. Заң 4 сәуірде күшіне енеді.
Мопедтерді тіркеуді келесі жылы бастаймыз. 1 қаңтардан бастап азаматтар арнайы ХҚКО-ға жүгіне алады. Мопед жүргізушілері әртүрлі бұзушылықтар үшін неге 4 сәуірден бастап жазаланады? Неге осындай уақыт беріліп отыр? Себебі жаңа заң бойынша мопед жүргізушілерінде А1 санатындағы жүргізуші куәлігі болуы керек. Егер біреуде жүргізуші куәлігі болмаса, оларға оқуға, жүргізуші куәлігін алуға, белгіленген тәртіппен мопедтерін тіркеуге және мемлекеттік нөмір белгілерін алуға уақыт қажет", - деп түсіндірді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 15:44 29661
Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді
Достарға айту
Қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді. Қазір олардың саны 300-ге жуық, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Қала сыртындағы трассаларда қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін патрульдік автокөліктер жол ережелерін бұзуды тіркейтін борттық жүйелермен жабдықталды. Қазір олардың саны 300 жуық.
Бір экипаждың өнімділігі 15 патрульдің жұмысымен сәйкес келеді. Еліміздің тұрғындары олардың жұмысы туралы біледі және олардың жолда жүруі жүргізушілерді тәртіпке келтіреді", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, қала сыртындағы жолдарда қамту мақсатында "жасырын" патрульдеу енгізілді, яғни сәйкестендіру белгілері жоқ полиция көлігінің салонында автоматты камералар орнатылды. Елді мекендердің ішінде осы тектес камералар автобустардың салондарында және жедел жәрдем көліктеріне де орнату жоспарланып отыр. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 15:36 30031
Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады
Достарға айту
Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы теміржол туры іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінң баспасөз қызметінен.
Қазақстанда "Жібек жолы" атты жаңа теміржол туры іске қосылады. "Алматы - Түркістан - Ташкент - Алматы" бағыты бойынша алғашқы рейс 2024 жылдың 16 қарашасында жолға шығады.
Төрт күнге халықаралық теміржол туры туристерге ежелгі қалалардың атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттауға мүмкіндік береді. Маршрут Түркістан мен Ташкенттің басты көрікті жерлерін қамтиды. Туристерге ыңғайлы болу үшін тур бағдарламасында гид қызметі, тамақтану, көлік қызметі және кіру билеттері қарастырылған.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде екі елді байланыстыратын ерекше теміржол туры іске қосылмақ. Аталған тур біздің азаматтарымыз бен елдеріміздің мәдени байлығы мен тарихи мұрасына қызығушылық танытатын шетелдік туристер үшін ыңғайлы әрі қолжетімді болмақ. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мен туризмді дамытудағы маңызды қадам", - деп атап өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Сондай-ақ саяхатшылар Орталық Азия аумағындағы ең көне қалалардың бірі - Отырар қаласымен таныса алады. Тур бағдарламасына Арыстан-баб кесенесіне, "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-музейіне, Орталық Азиядағы өз кезегінде ең үлкен "Керуен-Сарай" туристік кешеніне бару кіреді. Ташкенттегі тур аясында қаланың тарихи нысандарымен ғана емес, сонымен қатар заманауи дамуымен де танысуға болады.
Халықаралық турды "Tau Komek Travel", "Тұран Қазақстан Тревел", "Grand Soluxe Travel Company", "SkyWay Travel", "Kompas", "KhanTuran Travel" компанияларымен бірлесіп "Жолаушылар тасымалы" АҚ іске асырады. Ал "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ маршруттың халықаралық деңгейде насихатталуына қолдау көрсетедi.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 15:30 30401
Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді
Достарға айту
2024 жылғы 13 қарашада Әзербайжанның астанасы Баку қаласында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (СОР29) Qazaqstan павильонында "Климаттық диалог: 2026 жылғы өңірлік rлиматтық саммитке барар жолда" атты алғашқы іс-шара өтті. Сессияға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау Комитетінің төрағасы Б. Шерализ, Президент Кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі З. Сүлейменова, сондай - ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері Ф.Лапекорелла - ЭЫДҰ Бас директорының орынбасары, Т. Еріксон - Жасыл климаттық қордың Орталық Азия бойынша өңірлік директоры, И. Старрост - GIZ жобалық менеджері, Қ. Әбуов - Климаттың өзгеруі саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау үшін Азия даму банкінің жобалық менеджері қатысты.
Аймақтық Климаттық саммит климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша бірлескен стратегиялар мен шешімдерді әзірлеуге арналған алаң болады. Қазақстан ашық және сындарлы диалог үшін жағдай жасауға, сондай-ақ озық тәжірибелер мен инновациялармен алмасуға жәрдемдесуге ұмтылады.
Саммитті өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министр өз сөзінде климаттық өзгерістер ұжымдық және үйлестірілген тәсілді талап ететінін атап өтті. "Климаттың өзгеруі шекараны білмейді. Біз барлығымыз осы жаһандық сынақпен күресу үшін күш біріктіруіміз керек", - деп атап өтті ол.
Министр сондай-ақ халықаралық серіктестерге алғыс білдіріп, олардың Климаттық бастамаларды табысты іске асырудағы және Саммит өткізудегі маңызды рөлін атап өтті. Өз кезегінде халықаралық ұйымдар қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Аймақтық Климаттық саммит - климаттық сын-қатерлермен күресуге көмектесетін тиімді және бейімделгіш шешімдерді әзірлеуге бағытталған Климаттық саясат саласындағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірінің басталуы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 15:01 30896
Қазақстан "Серпін" бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте "Серпін" бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Әлеуметтік жобаның мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген жастарды оқытып, кадр жетіспеушілігі байқалып отырған Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына жұмысқа орналастыруға бағытталған.
Облыс әкімдерінің орынбасарлары жоба аясында атқарылып жатқан шаралар туралы айта келе, шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Вице-премьер бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мәселе жауаптылардың нақты, адрестік жұмысының жоқтығы екенін атап өтті. Жобада қамтылатын жастар анықталғанымен, аймақтардағы жұмыс берушілерге нақты қандай мамандықты меңгерген кадрлар қажет екені нақтыланбаған.
Бұл мәселені шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанынан республикалық жобалық кеңсе және кадрларға қажеттілікті нақтылау үшін жұмыс берушілермен, жұмыспен қамту орталықтарымен, университеттермен және колледждермен өзара іс-қимыл жасайтын өңірлік кеңселер құрылды. Оқуды бітіргеннен кейін міндетті түрде жұмысқа орналасатын мамандарды даярлау үшін нақты оқу орындарын таңдау маңызды қадам болады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Республикалық жобалық кеңсеге ҚР Парламентінің депутаты Мұрат Әбенов, ал өңірлік офистерге облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары жетекшілік етеді. Оңтүстік аймақтарда кәсіби бағдарлау ісіне ерекше мән берілетін болады. Бүгінде салалық министрлікпен Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарының мектептері мен колледждерінің тізімі анықталды. Бағдарлама аясында осы өңірлердің жастарын Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қарағанды және Ұлытау өңірлерінде оқытып, жұмыспен қамту қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.11.2024, 14:47 31156
Қазақстанның Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері Өзбекстанда Hanjar-2024 оқу-жаттығуына қатысуда
Достарға айту
Қазақстанның Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері Өзбекстанда Hanjar-2024 оқу-жаттығуына қатысуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жизақ облысындағы Орталық әскери округтің "Фориш" полигонында басталған Hanjar-2024 ("Қанжар-2024") тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы 20 қарашаға дейін жалғасады.
Іс-шаралар екі ел әскери қызметшілерінің тығыз ынтымақтастығын, қалалық жағдайда арнайы операция жүргізуде тәжірибе алмасуды және заңсыз қарулы құралымдарды жоюды көздейді.
Hanjar-2024 ("Қанжар-2024") тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы арнайы мақсаттағы бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруді, оларды жауынгерлік қолдануға дайындауды және арнайы операцияны бірлесіп жүргізуді қоса алғанда, үш кезеңге жоспарланған.
Бірлескен іс-қимылдар барысында Қазақстан мен Өзбекстанның әскери қызметшілері әртүрлі қару түрлерінен ату, шартты тұрғындар тұратын жерлерде жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу дағдыларын пысықтайды, сондай-ақ операцияға егжей-тегжейлі талдау жүргізеді.
Оқу-жаттығу аясында ұлттық тағамдар күндері, Достық футбол матчы және Самарқан қаласына экскурсия жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2024, 19:21 48076
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының элеваторларына қосымша 177 мың тонна астық орналастыра алады
Достарға айту
Азық-түлік келісім шарт корпорациясының еншілес компаниясы - "Астық қоймалары" ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің астығын қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету үшін өзінің элеваторлық қуатын ұсынады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметінен.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан төрт лицензияланған астық базасының жалпы сыйымдылығы 491,7 мың тоннаны құрайды. Бүгінде бұл элеваторларда Азық-түлік корпорациясының 139,8 мың тонна көлеміндегі дәнді және бұршақ дақылдарын қоса алғанда 314 мың тонна сақталуда.
Астық қоймалары" ЖШС астық қабылдау пункттерінің жүктемесі 64%-дан аспайтынын ескеріп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер компанияның элеваторларына қосымша тағы 177 мың тонна астық орналастыра алады. Қазіргі уақытта кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істеуде, АҚП-да астықты қабылдау, кептіру, тазарту және сақтау қызметтерін көрсетеді.
Елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге астық қолхаттарын беруге құқығы бар барлығы 191 жеке лицензияланған АҚП жұмыс істейді. Бұл нан базаларының жиынтық сыйымдылығы 13,2 млн тоннаға жетеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша республиканың барлық астық қоймаларының жалпы қуаты 30 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте лицензияланған АҚП 42%-ға жүктелген және қосымша 7,6 млн тонна астықты орналастыруға қабілетті.
Негізгі астық егетін өңірлерге келетін болсақ, мұндағы бос қуаттардың көрсеткіштері келесідей: элеваторлардың бос ауданы Ақмола облысында - 2,5 млн тонна, Солтүстік Қазақстан облысында - 1,6 млн тонна, Қостанай облысында - 1,6 млн тонна құрайды.
Ағымдағы сақтау қуаты егін жинау мен сақтауды тиімді басқару үшін жеткілікті. Элеваторлар жұмысының мәселелері тұрақты бақылауда, АШМ туындаған барлық жағдайларға жедел ден қоюға дайын.
Айта кетейік, АШТӨ нақты уақыт режимінде Qoldau жүйесінде элеваторлар мен астық қоймаларының картасы бойынша барлық өзекті ақпаратты қадағалай алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.11.2024, 10:59Іздеуде жүрген алаяқ грек аралында ұсталды 15.11.2024, 14:03 1521Қазақстанда "синтетиканы" сататын 80-нен астам telegram-арналар бұғатталды15.11.2024, 15:16 1176Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды15.11.2024, 15:11 951Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасын өлтірір кеткендер сотталды15.11.2024, 15:14 761Абай облысында жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлері анықталды
08.11.2024, 13:42 114216Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады08.11.2024, 13:35 88891Қазақстан мен АДБ Қызылорда - Жезқазған автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қояды11.11.2024, 13:48 88691Санжар Әділов Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды11.11.2024, 11:32 81731Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жеті инновациялық IT-жоба гранттық қаржыландыру алды08.11.2024, 10:19 79046Жыл басынан бері жалпы құны 900 млрд теңгеден астам актив мемлекет кірісіне қайтарылды
24.10.2024, 16:52 139496Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 136226Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 133611Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 129156Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 129001Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді