19.04.2021, 18:56 10378

Қаңтар-ақпанда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2,9% - ға төмендеді

Соның ішінде экспорт – 892,6 млн. АҚШ доллары (0,2% азайды), импорт – 2074,2 млн. АҚШ доллары (4% азайды).
АЛМАТЫ. 19 СӘУІР - Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен қаңтар-ақпандағы өзара саудасы 2020 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда номиналды мәнде 2,9% азайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен қаңтар-ақпандағыөзара саудасы 2966,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда номиналды мәнде 2,9% азайды", - деп хабарлады ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросында.

 
Соның ішінде экспорт – 892,6 млн. АҚШ доллары (0,2% азайды), импорт – 2074,2 млн. АҚШ доллары (4% азайды).
 
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,4%, Беларусь Республикасына – 3,8%, Қырғызстан Республикасына – 3,7%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
 
$1 = 430,4 теңге. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны