18.02.2025, 17:57 3016
Қаңтарда Қазақстанның 14 өңірінде инфляция жеделдеді
Достарға айту
Қаңтарда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,9% болды (2024 жылғы желтоқсанда - 8,6%). Жылдық инфляция 14 өңірде қарқын алып, 6 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.
Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,8%-ға дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда - 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Жетісу облысында (7,9%) макисмалды, Түркістан облысында (3,3%) минималды өсім көрсетті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда - 8,3%). Максимал мән Түркістан облысында (13,1%), минимал мән Павлодар облысында (5,7%) тіркелді.
Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының ж/ж өсу қарқыны 13,8%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда - 13,3%). Сонымен қатар Астана қаласында (17,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,3%) айтарлықтай төмен өсті.
Бұл ретте, ел бойынша айлық инфляцияның өсу қарқыны қаңтарда 1,1% болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.02.2025, 15:26 12466
Қазақстанның Энергетика министрі ОПЕК+ елдерімен келіссөздер барысында қаңтарда мұнай өндіру көлемінің ұлғаюын түсіндірді
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика министрі және ОПЕК+ төрағасы, мәртебелі ханзада Абдулазиз бен Салманмен және Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары және ОПЕК+ тең төрағасы Александр Новакпен, сондай-ақ ОПЕК Бас хатшысы Хайтам Әл-Гаиспен телефон арқылы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінен.
Талқылау барысында Алмасадам Сәтқалиев қаңтар айында Қазақстанда мұнай өндіруді ұлғайтуға қатысты техникалық түсініктеме берді. Министр бұл өсім Болашақ кеңейту жобасы шеңберінде Теңіз мұнай кен орнындағы жаңа үшінші буын зауытында мұнай өндірудің басталуымен байланысты екенін атап өтті. Энергетика министрі бұған дейін өндірісті ұлғайту 2025 жылдың маусым-шілде айларында басталады деп жоспарланғанын түсіндірді. Алмасадам Сәтқалиев сондай-ақ өндірістің ұлғаюы кен орнына техникалық қызмет көрсетуден және Теңіз кен орнында жаңа қайта өңдеу қондырғысын пайдалануға бергеннен кейін жүргізілген уақытша біржолғы тестілеудің нәтижесі болғанын айтты.
Сәтқалиев өтемақы тетігін қоса алғанда, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өз міндеттемелерін әлі де толық ұстанатынын растады. Қазақстан Қаңтар айындағы асып кетудің орнын толтыру үшін басқа мұнай кен орындарында өндіруді қысқартуды қоса алғанда, өз міндеттемелерін орындау бойынша одан әрі шаралар қабылдайды. Министр сондай-ақ Қазақстан қаңтар айында өтемақының артық өндірілуін де, орындалмаған көлемін де ескеретін жаңартылған өтемақы жоспарын ұсынатынын айтты.
Төраға мен тең төраға ОПЕК+ келісіміне сәйкес міндеттемелер мен өтемақыны толық орындаудың маңыздылығын растады және нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында ОПЕК+ бірнеше елдерінің ерікті қысқартулары мен күш-жігерінің рөлін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2025, 14:58 12826
Қазатомөнеркәсіп пен Axpo Power AG Швейцарияның атом электр станцияларына уран жеткізу жөніндегі алғашқы келісімшартқа қол қойды
Достарға айту
Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ және швейцариялық Axpo Power AG компаниясы Kernkraftwerk Leibstadt AG (KKL AG) компаниясымен бірлесіп Швейцариядағы Бецнау және Лейбштадт атом электр станциялары үшін қазақстандық табиғи уран концентраттарын жеткізу жөніндегі алғашқы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Қол қою рәсімі Axpo Power AG бас кеңсесінде Қазатомөнеркәсіп делегациясының Швейцарияға сапары аясында өтті.
Біз Қазатомөнеркәсіп пен Axpo арасындағы алғашқы коммерциялық келісімшарт біздің компанияларымыз үшін маңызды ынтымақтастыққа жол ашатынын мақтан тұтамыз. Сату географиясының кеңеюі Қазатомөнеркәсіптің әлемдік нарықта уранның сенімді жеткізушісі ретінде танылуын көрсетеді. Бұл келісімшарт біздің тарату арналарын әртараптандыру стратегиясындағы маңызды қадам. Ол сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік пен декарбонизацияны қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып, біздің әріптестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді және Швейцарияның атом энергетикасы үшін табиғи уранды ұзақ мерзімді жеткізуді қамтамасыз етеді", - деді Қазатомөнеркәсіптің коммерция жөніндегі бас директоры Владислав Байгужин.
Әлемдегі ең ірі уран өндіруші Қазатомөнеркәсіппен келісімшартқа қол қою Axpo және KKL AG үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені біз отын жеткізілімдерін әртараптандыруды және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Атом энергиясы еліміздің төмен көміртекті энергетикалық стратегиясының негізгі элементі болып табылады, сондықтан сенімді отын жеткізу өте маңызды. Қазатомөнеркәсіпті біздің жеткізушілеріміздің қатарына қосу Швейцарияны тұрақты энергиямен қамтамасыз ету және декарбонизация жөніндегі жаһандық күш-жігерге үлес қосу қабілетімізді нығайтады", - деп атап өтті Axpo Power AG ядролық отын жөніндегі басшысы доктор Бруно Циммерманн.
Швейцарияның ірі энергетикалық компаниясымен келісімшарт жасасу Қазатомөнеркәсіптің Еуропа атом электр станцияларының операторларымен ынтымақтастығының жаңа кезеңін ашып, компанияның әлемдік уран нарығындағы орнын нығайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 14:44 42646
Қазақстан Қытайға газ жеткізуді ұлғайтады
Достарға айту
QazaqGaz және PetroChina 2025 жылғы газ жеткізілімдерінің параметрлеріне түзетулер енгізді, деп хабарлайды “QazaqGaz” ҰК” АҚ баспасөз қызметінен.
QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және PetroChina International Директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы У Цзюньли табиғи газды сатып алу-сату туралы үш жылдық келісімге толықтыру жасап, қол қойды.
Құжатқа Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай бизнес форумы аясында қол қойылды. Құжатта 2025 жылы Қытайға қазақстандық газ экспортының параметрлеріне түзетулер енгізу көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 10:31 43006
Қазақстан Ұлттық Банкі жылдың басындағы сыртқы борыш сомасын атады
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деректерді жариялаудан бастап Қазақстан Республикасының сыртқы борышын алдын ала бағалауды жариялауға кіріседі, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.
Сыртқы борыш белгілі уақыттағы өтелмеген резиденттердің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышты және/немесе пайызды төлеуді талап ететін нақты және сөзсіз міндеттемелерін білдіреді.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Банкі Статистикалық ақпараттың шығу кестесіне сәйкес есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 90-күні сыртқы борыш бойынша есепті деректерді жариялаған болатын. Енді оған қосымша ҚР сыртқы борышын алдын ала бағалау жарияланатын болады.
Мұндай жарияланымдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінде, тиісті кезең үшін төлем балансын алдын ала бағалау туралы ақпарат шығарумен бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі жарияланатын статистикалық және талдамалық ақпарат көлемін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бұл жарияланым елдің сыртқы сектордағы позициясын неғұрлым уақытылы баға беруге мүмкіндік береді және мемлекеттік органдарға, сарапшыларға, зерттеушілерге, рейтингтік агенттіктерге пайдалы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 15:13 48271
"Самұрық-Қазына" басшысы ҚХР делегациясымен кездесті
Достарға айту
Самұрық-Қазына" басшысы ҚХР делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Самұрықтың баспасөз қызметінен.
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қытайдың халықаралық сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің (ҚХСДК) төрағасы Жэнь Хунбинмен кездесу өткізді.
Самұрық-Қазына" ҚХСДК-мен бірлесіп Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Қор басшысы Нұрлан Жақыпов және CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Си Гуохуа ҚҚІК-нің тең төрағалары
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі - екі елдің бизнес өкілдері үшін диалог алаңы қызметін атқарады, әрі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған.
Өткен жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында Астанада ҚҚІК-тің 7-ші отырысы өтті. Шара барысында жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойылды.
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы Қытайда өтеді. Кездесу барысында тараптар аталған шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде талқылады.
Қытай делегациясының құрамында CITIC, PetroChina International Co., Ltd, Sinopec Group, YTO Express, China National Offshore Oil Corporation, Tai’an Jiuzhou Jincheng Machinery Co. Ltd сынды ірі компаниялар болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2025, 17:25 78996
"Богатырь Көмір" ЖШС-не жаңа бас директор тағайындалды
Достарға айту
Богатырь Көмір" ЖШС-не жаңа бас директор тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Богатырь Көмір" ЖШС - қатысу жағынан екі тараптың да үлесі тең Қазақстан- Ресей компаниясы. Осыған байланысты өткен аптада компанияның басқару құрамында маңызды өзгерістер орын алды - кәсіпорынның бас директоры болып Қайрат Рғайбекұлы Рғайбек тағайындалды.
Қайрат Рғайбекұлының кәсіби жолы қарулы күштердегі қызметтен басталды. Кейіннен ҚР мемлекеттік құрылымдары мен қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
Қайрат Рғайбек "Богатырь Көмір" ЖШС-де бұрын қаржы бақылаушысы - қызмет басшысы және атқарушы директор лауазымдарында қызмет жасаған.Сондықтан өндірістік үдерістермен, корпоративтік құрылыммен және көмір өнеркәсібінің ерекшелігімен жақсы таныс.
Одан басқа, Қайрат Рғайбек өңірдің саяси өміріне белсене қатысып, Павлодар облысы маслихатының VI шақырылымының депутаты болып сайланды және облыс пен қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлесін қосты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.02.2025, 10:39 88436
Акциздердің жаңа мөлшерлемесі: жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80% бюджетке бағытталады
Достарға айту
Акциздердің жаңа мөлшерлемесі: жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80% бюджетке бағытталады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №173 қаулысына өзгеріс енгізетін қаулы жобасын әзірледі.
Құжат ЖЖМ бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда жанармай өндірушілер мен сатушылардың қосымша маржиналдылығын 80%-ын бюджетке бағыттау мақсатында бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына қосымша акциздің мөлшерлемесін белгілеуді көздейді.
Осылайша, шара жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80%-ын бюджетке қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қосымша акциздер ағымдағы деңгейден бағалар өскен кезде ғана пайда болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 12:42 99676
Қазақстан ОПЕК+ адалдығын растайды
Достарға айту
Қазақстан ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің кешегі 58-ші отырысы аясында ОПЕК+ келісіміне адалдығын растайды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрдігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылға артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына байланысты биыл өндірістің ұлғаюына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздер жүргізетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.02.2025, 16:20Алматыда биыл жер сілкінісі қауіпсіздігіне қатысты 30 жаңа станция іске қосылмақ 18.02.2025, 17:57 3006Қаңтарда Қазақстанның 14 өңірінде инфляция жеделдеді18.02.2025, 09:39 2176"Жомарт" кенішіндегі шахта-проходкалау тресінде орын алған төтенше жағдай туралы хабарлайды18.02.2025, 16:16 1971Абай облысында мефедронның үлкен көлемі тәркіленді18.02.2025, 16:03 1906Ұлытау өңіріндегі ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр
12.02.2025, 14:56 154836Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді13.02.2025, 07:57 140701Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді13.02.2025, 08:03 140486ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті12.02.2025, 14:41 139061Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 318 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешекті анықтады12.02.2025, 14:36 1249812024 жылы 19 мыңнан астам адам "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасты
12.02.2025, 14:56 154836Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді11.02.2025, 15:16 149421Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады11.02.2025, 15:02 149191Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді13.02.2025, 07:57 140701Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді13.02.2025, 08:03 140486ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті