28.11.2022, 15:01 21831

Антикор 70-тен астам қысым мен бизнеске заңсыз араласу фактілерін анықтады

Антикор 70-тен астам қысым мен бизнеске заңсыз араласу фактілерін анықтады
Сурет: Depositphotos
Астана. 28 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңсыз араласу және бизнеске қысым жасау 72 фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
 

165 сотқа дейінгі тергеу басталды, 112 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 65-і сотталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, Антикор бизнеспен мыңнан астам тергеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеді, бұл кәсіпкерлерді тергеу кабинеттеріне баруға, іс жүргізу іс-шараларына қатысуға артық уақыт жұмсаудың алдын алады.
 

Аумақтық департаменттердің қылмыстық істері бойынша бизнестің қатысуымен тергеу әрекеттері едәуір қысқартылды, бұл Агенттік енгізген ведомстволық бақылау тетігінің нәтижесі", - деп хабарлайды ведомство.

 
Агенттікте хабарланғандай, заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алумен байланысты, соның ішінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою, рұқсат құжаттарын беру және басқалары жатады. Олардың жалпы құрылымдағы үлес салмағы 80% құрады.
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жоғарыда көрсетілген барлық фактілер бойынша мемлекеттік органдар басшылығының атына сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізді", - деп атап өтті Антикорда.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны