15.10.2024, 15:07 29281

АШМ бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

Бұл норма алты ай мерзімінде әрекет етеді
2024 жылдың 26 қазанынан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттау квотасын бөлу қағидалары күшіне енеді. Бұл норма алты ай мерзімінде әрекет етеді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

12 айдан асқан бұқашықтарды әкетудің сандық лимиті 85 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін - 55 мың бас, тауар өндірушілер үшін - 30 мың бас.

6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін - 60 мың бас, тауар өндірушілер үшін - 60 мың бас.

12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық саны 4000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге - 500 бастан аспайды.

6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық саны 1000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге - 500 бастан аспайды.

Бұл ретте, бір бордақылау алаңына берілетін квота бордақылау алаңы қуатының 20 пайызынан аспауға тиіс және квотаны бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы мал басының нақты саны сұратылған квота көлемінен екі есе көп болуға тиіс.

Квоталар толық таусылғанға дейін бөлінеді.

Сонымен қатар, квоталар "Е-лицензиялау" порталында бөлінеді және "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жекелеген тауар түрлерін экспорттауға лицензия алу кезінде автоматты түрде беріледі.

Квоталар санын бөлу кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы деректер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор және "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесі арқылы расталады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны