16.09.2024, 15:40 12536

Қазақстан мен Қытай жасыл технологиялар саласындағы меморандумға қол қойды

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Бейжіңде CIFTIS халықаралық көрмесі аясында өткен "Жібек жолындағы жасыл дамудың алтын көпірі" атты Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде экологиялық көрсеткіштерді жақсарту және сауда дәліздерінің тиімділігін арттыру үшін жүк тасымалдауда электромобильдерге көшу және жасыл технологияларды пайдалану әлеуетін атап өтті, деп хабарлайды ҚР СИМ баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, форумға қазақстандық тараптан ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қатысты. Қытай және халықаралық тараптан Пекин қаласы мэрінің орынбасары Сыма Хун ханым, БҰҰ-ның Қытайдағы өкілі Сиддхарт Чаттерджи, Қытай қаржы қоғамының вице-президенті Ouyang Weimin қатысты.

Бүкілқытайлық қоршаған ортаны қорғау федерациясының төрағасы Ван Сюфэн, Чжунгуаньцунь жаңа технологиялар және қызметтер индустриясы альянсының төрағасы Сун И, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпорындар мен қаржы мекемелерінің өкілдері де форумда бой көрсетті.

Форумда Қазақстан мен Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" стратегиясының негізгі элементіне айналатын "Жасыл жібек жолы" бастамасы талқыланды. Бұл бастама Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігіндегі маңызды қадам болмақ. Орнықты дамуды ілгерілетуге және экологиялық таза қайта құру жөніндегі жаһандық күш-жігерді қолдауға бағытталған.

Министр Шаққалиев екі елдің және жаһандық қоғамдастықтың тұрақты дамуы үшін "Жасыл жібек жолы" бастамасының маңыздылығын атап өтті. Ол бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі орнықты даму жөніндегі күн тәртібін қолдайтынын, экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізуге және елдер ішінде де, одан тыс жерлерде де гидроэнергетикалық секторға инвестициялауға ықпал ететінін атап өтті.

30 жылдан астам екіжақты қарым-қатынастар аясында Қазақстан мен Қытай елеулі табыстарға қол жеткізді. Елдер арасындағы тауар айналымының көлемі өсуде, 2023 жылы Қытай Қазақстанға $2 млрд инвестициялады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,4% -ға артық. Қазақстан экономикасына құйылған қытайлық инвестициялар көлемі қазірдің өзінде $25 млрд. асып түсті.

Арман Шаққалиев алдымызда екі елдің көшбасшылары - Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің өзара тауар айналымын $80 млрд. дейін жеткізу және қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету жөніндегі тапсырмасы тұрғанын айтты. Ауыл шаруашылығына, жаңа энергетика мен автомобиль жасауға, сондай-ақ индустрияландыруға және қосылған құны жоғары өнім өндіруге инвестицияларға ерекше назар аударылатын болады.

Талқылаудың маңызды аспектісі Ляньюньган портының, Сианьдағы құрғақ порттың және "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА мүмкіндіктерін пайдалануға баса назар аудара отырып, "Бір белдеу - бір жол" жаһандық бастамасын ілгерілету болды. Министр экологиялық көрсеткіштерді жақсарту және сауда дәліздерінің тиімділігін арттыру үшін жүк тасымалдауда электромобильдерге көшу және жасыл технологияларды пайдалану әлеуетін атап өтті.

Көміртегі бейтараптығына көшу кешенді тәсілді талап етеді. Жасыл инвестициялар, сауда дәліздерін көгалдандыру және экономиканың көміртекті бейтараптығы бойынша жұмыс біздің стратегиямыздың негізгі аспектілері болып табылады", - деді Арман Шаққалиев.


Өз сөзінде Пекин мэрінің орынбасары Сыма Хун ханым таза энергия, энергия үнемдеу және экологиялық ауыл шаруашылығын қоса алғанда, жасыл даму саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге үміт білдірді. Пекин инновацияларды және жасыл технологияларды қолдануды белсенді қолдауға және дамытуға дайын деді.

Қытай "жасыл" технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салуды және көміртегі шығарындыларын азайтуды жалғастыруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны