18.09.2024, 12:25 23551

Қазақстанда сауда биржаларына бақылау күшейтіледі

Қазақстанда сауда биржаларына бақылау күшейтіледі
Қазақстанда сауда биржаларына бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметінен.

Тауар биржалары мәселелері бойынша түзетулер биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды қатаңдатып, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Осыған байланысты тауар биржаларын микро және шағын бизнес санатынан шығару, сондай-ақ брокерлер мен клиринг орталықтарын лицензиялауды енгізу ұсынылып отыр.

Мемлекеттік бақылауды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де кеңейтеді: ол биржалық саудаға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізіп, тауар биржаларын лицензиядан айыруға және оларды тоқтатуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар Үкімет конкурстық негізде әлеуметтік маңызы бар биржа тауарларының саудасы жүзеге асырылатын тауар биржаларының тізбесін айқындайды. Тауар биржаларының тізбесін Сауда және интеграция министрлігі бекітеді, оған көмір, бидай, мұнай және бірқатар азық-түлік өнімдері кіреді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны