18.09.2024, 12:21 23451

Екі облыс тұрғындарына әскери қызметшілердің жүретіндігі туралы ескерту жарияланды

Екі облыс тұрғындарына әскери қызметшілердің жүретіндігі туралы ескерту жарияланды
Екі облыс тұрғындарына әскери қызметшілердің жүретіндігі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны