25.11.2024, 13:27 971

Қазақстанда битум өндірісі бойынша жаңа жобалар жоспарлануда

Қазақстанда битум өндірісі бойынша жаңа жобалар жоспарлануда, деп мәлім етті Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында жасаған баяндамада.

Ішкі нарықты отандық битуммен қамтамасыз етудің маңыздылығын Мемлекет басшысы атап өтті.


Бүгінгі таңда зауыттардың ағымдағы қуаты 1,2 млн.тоннаны құрайды, бұл ішкі нарық қажеттілігінің барлық көлемін қамтиды.

Сонымен қатар битум өндірісін жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыра отырып, "CaspiBitum" қуатын арттыру жобасы іске асырылуда. Аяқталуы - 2025 жылдың 1-ші тоқсаны.

Осылайша, жол құрылысы саласына жылына 1 миллион тонна битум қажет болса:

- қазақстандық битум өндірісінің қуаттылығы жылына 1,45 млн тоннаға жетеді;

- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы индикативтік теңгерім шеңберінде ресейлік битум импорты - жылына 0,5 млн. тонна;

Сонымен қатар, битум шығаратын 2 жаңа зауыт салу мәселесі қарастырылуда:

- 2026 жылы Ақтөбеде Qazaq Bitum 700 мың тонна/жыл;

- 2030 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында 770 мың тонна/жыл.

Демек, 2032 жылы битум өндірудің жалпы қуаты жылына 2,5 млн тоннаны құрайды (Caspi Bitum - 0,75, Qazaq Bitum - 0,7, Шымкент МӨЗ - 0,77 және Павлодар МӨЗ - 0,3 млн тонна).

Ішкі нарықта профицит болған кезде қазақстандық битумды экспорттау мәселесін пысықтау қажет.

Сондай-ақ, өткен жылы біз Мәжіліс депутаттарына битумды ішкі нарыққа жеткізу кезінде өнімсіз делдалдарды алып тастау бойынша ұсыныстармен жүгінгенімізді атап өткім келеді (тікелей МӨЗ-ден жол-құрылыс компанияларына дейін немесе ең көбі 1-ші көтерме жеткізуші арқылы).

Бұл тәсіл мұнай, бензин және дизельдік отын мысалында 2023 жылдың қаңтарынан бастап сәтті жұмыс істеп келеді.

Егер қолдау білдірсеңіз, жақын арада "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңға тиісті өзгерістерді қабылдауға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны