26.05.2022, 17:06 7591

Қазақстанда өнеркәсіптік тауарлар тізілімін жүргізу мәселелері бойынша ЕЭК-пен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілді

Құжат тауарлардың жекелеген түрлерінің жасалып шығарылған елін айқындау ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген.
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығымен бірлесіп, өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжат тауарлардың жекелеген түрлерінің жасалып шығарылған елін айқындау ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген. 
 
Айта кетерлігі, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде оларға қатысты өндіріс шарттары белгіленген мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларын мемлекеттік сатып алу кезінде аталған тауарлардың жасап шығарылған елі Еуразиялық тізілімнен ақпарат ұсынумен расталады.
 

Қазақстанның сарапшы ұйымдары беретін акті немесе тауардың шығарылуы туралы сертификат тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады", - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

 
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлері арқылы 8 (7172) 983-294, 8778 500 00 77 немесе [email protected] электрондық поштасына хат жолдауға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны