02.07.2024, 12:38 12651

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен YTO Express Co. басқарма төрағасыжәне негізін қалаушы Ю Вэйцзямен кездесуінде Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі Қазақстанда ашылатыны мәлім болды. Бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және олардың ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.

Интеллектуалдық IT-шешімдерді енгізу, логистикалық үдерістерді толық автоматтандыруға және жеткізілімдердің кедендік сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында тараптар электронды сауда және онымен байланысты салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Арман Шаққалиев Қазақстандағы электрондық сауда нарығы жыл сайын 20%-ға өсіп, қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қытайдың электронды сауда нарығы өзінің ауқымымен таң қалдырады, онда сатылымдардың 70%-дан астамы онлайн жүзеге асырылады. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуымен халықаралық электронды сауданың негізгі транзиттік аймағына айналуға ұмтылады. Қазпоштамен бірлескен Қазақстанда тарату орталығын құру жобасы трансшекаралық сауданы дамытуға жаңа серпін береді", - деді Қазақстанның сауда министрі.


YTO Express Co. басқарма төрағасы Ю Вэйцзя бұл жобаның бүкіл өңірді қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба екенін атап өтті. Компания бірқатар елде тағы 5 тарату орталығын салуды жоспарлап отыр.

Өткен жылы біз Алматы әкімдігімен белсенді ынтымақтастықты бастадық. Бұл екі ел экономикасының дамуына жаңа серпін беретін ұзақ мерзімді жоба. Ынтымақтастық негізі үшін Қытайда Шанхай, Нанкин және Ухань қалаларында 3 бондтық қойма аштық. Бұл жоба бүкіл аймақты қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба. Осы тарату орталығынан басқа, біз АҚШ, Бразилия, Тайланд, Будапешт және Дубайда тағы 5 орталық салуды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады Ю Вэйцзя.


Қытай тарапы жобаны жақын арада іске асыруды көздеп отыр. Арман Шаққалиев Қазақстанның жоба аясында белсенді жұмысты жасауға дайын екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қоюға келісті.

Бұл жоба өңірде экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық онлайн сауданы дамыту жолындағы маңызды қадам болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны