25.05.2021, 22:42 41947

Қазақстандықтарға ерікті зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға рұқсат етілді

НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшыларында оларды алу құқығы пайда болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ салымшылары есептелген инвестициялық табысты ескере отырып, оларды алу құқығына ие болады", - деп хабарлайды ҚР Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

 
Бұл ретте оларды алу үшін ЕЗЖ шотта кемінде 5 жыл болуы қажет екендігі атап өтілді.
 
Қордың деректері бойынша зейнетақы жинақтары бар мынадай тұлғаларда қордан ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындайды:
 
1) 50 жасқа толған;
 
2) мүгедек болып табылатын;
 
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған;
 
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды. 
 

Осылайша, ЕЗЖ есебінен қаражат жинауды мысалы, 20 немесе 30 жастан бастай отырып, тиісінше 25 немесе 35 жасқа толған кезде салымшылар өздерінің алғашқы төлемдерін ала бастайды", - деп түсіндірді ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны