20.03.2025, 16:44 2906
"Қазатомөнеркәсіп" 2024 жылы 23 мың тоннадан астам уран өндірді
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының былтырғы операциялық нәтижелері туралы есепті тыңдап, кәсіпорынның қысқа және орта мерзімді жоспарымен, мақсаттарымен танысты.
Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өндірісінің көлемі 23 мың тоннадан, компаниялар тобы бойынша сату көлемі 16,6 мың тоннадан асқаны жөнінде баяндалды. Ортақ табыс 1,8 триллион теңгеге жеткен. Бұл - рекордтық меже әрі 2023 жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық көрсеткіш. Республикалық бюджетке аударылған салық түсімі 720 миллиард теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға ұлғайған.
Мемлекет басшысына әлемдік нарықтағы қазіргі ахуал, Қазақстанның табиғи уран концентратын жеткізуге арналған жаңа келісімшарттары мен инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша мәлімет берілді. Өткен жылдың ең басты оқиғасы ретінде "Үлбі-ЖБҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының 200 тонна төмен байытылған уран өндіріп, толық қуатында жұмыс істей бастағанын айтуға болады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамын дамытудың 2025-2034 жылдарға арналған жаңа стратегиясы таныстырылды. Оның аясында компания елдің минералды-шикізат базасын ұлғайтуға және оны тиімді пайдалануға ден қоймақ. Былтыр ресурс қоры 170 мың тоннаға бағаланған перспективті аумақтарда уранды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жаңа лицензиялар алынды.
Мейіржан Юсупов Тәжікстанмен сирек металдарды өңдеу саласында, Франциямен атом өндірісіне маман даярлау бағытында меморандумдарға қол қойылғанын, сондай-ақ Моңғолия және Иорданиямен аталған мемлекеттердің аумақтарында уранды барлау жобаларын бірлесіп зерделеу жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына холдингтің өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалары туралы ақпарат берілді. Былтыр осындай бастамаларды жүзеге асыруға 3,7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Кездесу соңында Президент "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының жұмысын одан әрі жетілдіруге және компаниялар тобының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.03.2025, 16:46 2681
Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады
Достарға айту
Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау шараларын күшейту мақсатында компания басшылығы тәуекел деңгейі жоғары өндірістік нысандарда технологиялық процестерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Кәсіпорындардың жұмысы бекітілген кестеге сәйкес кезекпен тоқтатылады.
Жұмысты тоқтату кестесі:
• 20 наурыздан бастап - Шығыс Жезқазған, Абыз, Саяқ, Қоңырат кеніштері; Нұрқазған, Қарағайлы, Балқаш байыту фабрикалары; Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасы, құрылыс-монтаждау басқармасы, құю-механикалық зауыты және мамандандырылған энерго-жөндеу басқармасы.
• 21 наурыздан бастап - Оңтүстік Жезқазған, Ақбастау, Қажықонған, Шатыркөл, Жайсаң кеніштері.
• 22 наурыздан бастап - Батыс Жезқазған кеніші.
• 23 наурыздан бастап - Жыланды кеніші.
• 24 наурыздан бастап - Жезқазған байыту фабрикасы.
• Бұған дейін тоқтатылған Жомарт кенішінде тексеріс жалғасуда.
Барлық жұмыстың қауіпсіздік ережесіне сәйкестігін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Барлық кемшілік жойылып, еңбек жағдайының қауіпсіздігі расталғаннан кейін ғана телімдердегі жұмыс қайта жалғасады.
Кеніштердің жұмысы тоқтағанмен, жұмыскерлерге жалақы төлеу жалғаса береді. Бұл қадам компанияның еңбек қауіпсіздігі қағидаттарына адалдығын және өз жұмыскерлеріне деген қамқорлығын көрсетеді.
Қазақмыс" компаниялар Тобы өз нысандарында қауіпсіздік жүйесін кезең-кезеңімен нығайтып жатыр. Осы бастама аясында барлық нормативтік талаптардың сақталуын бақылау күшейтіліп, еңбек жағдайын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2025, 13:32 3516
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4 миллиард доллардан асқан
Достарға айту
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кездесудің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызы зор екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, тәуелсіздік алған сәттен бастап АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі саналады.
Қазақстан Президенті өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау секілді негізгі салалардағы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастықтағы бірлескен табыстарды атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп, 4 миллиард доллардан асқан.
Кэрол Миллер сый-құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, АҚШ-тың нәтижелі диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды. Әсіресе, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы көлік-логистика байланыстарын кеңейтуге айрықша мән берілді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кэрол Миллер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.03.2025, 10:36 6281
ҚР мен ҚХР екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд құрады
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Комитет отырысы барысында екі елдің орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кедергісіз сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, екі елдің көліктік өзара байланысын нығайту, өндірісті локализациялау арқылы Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды. Тараптар Комитеттің қызметін жетілдіру мақсатында оның құрамына Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетін қосу және Білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде кіші комитет құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойды.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан мен ҚХР үкіметтері ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ сауда, инвестициялар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму динамикасын оң бағалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд-ты құрады.
Сапар аясында қытайлық компаниялармен - металлургия, энергетика, машина жасау және агроөнеркәсіптік кешен салаларының көшбасшыларымен бірқатар кездесулер өтті. Қазақстандық делегация құрамында салалық министрліктер мен ірі отандық кәсіпорындардың басшылары болды.
Қазақстанда көмір химиясы, көлік жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру келешектері талқыланды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары өнеркәсіпті дамыту еліміз үшін маңызды басым міндет болып саналатынын атап өтіп, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды.
Өз кезегінде Қытайдың жетекші компанияларының өкілдері стратегиялық жобаларды іске асыру үшін сенімді серіктес ретінде Қазақстанға қызығушылық танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 16:27 39986
Қазақстанның екі мұнай өңдеу зауытындағы үлесті шетелдік инвесторларға ұсына алады
Достарға айту
БҚДА Төрағасы Марат Омаров Шымкенттегі стратегиялық нысандарды аралады, деп хабарлайды бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров.
Шымкент халықаралық әуежайында ведомство басшысы авиация саласының дамуы мен әуежай қызметтерін реттеуді азайтудың маңыздылығын талқылады.
ПетроҚазақстан Ойл Продактс" мұнай өңдеу зауытында Марат Омаров жекеменшік басқарудың тиімділігін жоғары бағалап, екі басқа зауыттағы үлесті жеке инвесторларға ұсыну жоспары бар екенін айтты.
Сонымен қатар, ол арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысып, оның резиденттерінің өңір экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 16:02 40401
Ұлттық банк цифрлық алтын монеталарды сатуды бастайды
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 17 наурыздан бастап инвестициялық монетаның цифрлық баламасы - Gold Coin жобасы іске қосылатынын хабарлайды.
Жаңа инвестициялық құралды "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange, AIX) биржасының Tabys мобильді қосымшасында сатып алуға болады.
Gold Coin жобасының мақсаты - Қазақстан азаматтарына заманауи технология мен цифрлық экономика жағдайында инвестициялауға және капитал жинақтауға балама көз ұсыну.
Gold Coin-ның бір бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең. Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады.
Tabys мобильді қосымшасын пайдаланушы онлайн режимінде Gold Coin сатып ала алады, оны және сатуға да, сыйға тартуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жиырма эквивалент (бірлік) жинақталғанда, Gold Coin-ды Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын - ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады.
ÚKI инвестициялық монетасы айналымға шыққалы тұр, оны 2025 жылдың 17 наурызынан бастап сатып алуға болады.
Gold Coin жобасы туралы ақпаратпен Ұлттық Банктің Youtube арнасында танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 16:00 48006
Елімізде қаңтар-ақпан айларында ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок министрліктері басшылығымен Мемлекет басшысының ел экономикасының тұрақты өсуі мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биылғы қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Есепті кезеңде ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады. Тауар өндірісі мен қызмет көрсету секторында өсу серпінінің жақсарғаны байқалады. Өнеркәсіптік әлеуетті ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5,7%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша бұл көрсеткіш 8,9%-ды құрады. Негізгі салалар ішінде машина жасау (18,2%), азық-түлік өндірісі (13,1%), құрылыс материалдары өндірісі (21,6%) және металл бұйымдары өндірісі (20,1%), сондай-ақ химия өнеркәсібі (9%) жоғары көрсеткіштер көрсетті. Тау-кен өнеркәсібінде өсім 4,1%-ды құрады.
Құрылыс саласында жоғары қарқын сақталған. Орындалған жұмыстар көлемі 408,1 млрд теңгеге, ал нақты көлем индексі 112,8%-ға жетті. Сауда саласындағы өсім 6%-ға, ал көлік және қоймалау қызметі 21,3%-ға артқан. Жалпы, астық, тұқым және мал азығы (өсім 5,8 есе), фармацевтикалық өнімдер (44,6%-ға), автокөліктер мен жеңіл көліктер (38,8%-ға) өткізетін көтерме сауда кәсіпорындары айтарлықтай жоғары үлес қосты. Астық тасымалы 43%-ға артып, 2,4 млн тоннаға жетті, ал ұн өнімдерін тасымалдау 12%-ға өсті.
Сонымен қатар терең өңделген өнім өндіретін салаларды қолдау жүйесінің нәтижелері атап өтілді. Осылайша, қосылған құны жоғары өнімдер, атап айтқанда, құрама жем экспорты 5 есеге өсіп, 273 мың тоннаны құрады (2024 жылы - 56 мың тонна), өсімдік майының экспорты 28%-ға артып, 94 мың тоннаға жетті.
Премьер-министр өсу қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырып, жоспарлы өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жұмысты күшейту қажет бірқатар бағытты атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:48 48256
Қазақстанда құрама жем және премикс өндіретін ірі зауыттар салуды жоспарлап отыр
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мажарстандық "UBM Group" компаниясының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстанда премикстер мен құрама жем өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады. Жоба аясында 2025 жылдан 2027 жылға дейін қуаттылығы жылына 48 мың тонна премикс және 300 мың тонна құрама жем өндіретін 3 зауыт, қосымша-зертхана мен тренинг-орталық салу ұсынылды. Жобаны сәтті іске асырған жағдайда Қазақстанда премикс өндіретін алғашқы ірі зауыт және құрама жем өндіретін ірі кәсіпорын пайда болады. Бұл елімізге 250 мың тоннадан астам импортталатын құрама жем өндірісі бойынша импортты алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Вице-премьер атап өткендей, мал шаруашылығын отандық өндірістің сапалы жемімен қамтамасыз ету еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетудің стратегиялық маңызды міндеттерінің бірі. Биылғы жылы австралиялық әдіс бойынша мал шаруашылығын дамыту жобаларын қолдау бағдарламасының басталуын ескере отырып, мұндай жобалар жем-шөп нарығының құрылымын сапалы өзгерту және ет өндірісінің құнын арзандату үшін қажет.
Қазақстан астықты, етті, сүтті терең өңдеу бойынша жобаларды дамытуға мүдделі. Жақында біз бірқатар салаларға инвестицияларға тапсырыс жарияладық, олардың арасында азық-түлік өндірісі ерекше орын алады. Біз елді өзінің азық-түлік өнімдерімен, әсіресе әлеуметтік азық-түлікпен, тұрғындар қажеттілігінің кем дегенде 90%-ын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Сіздің компанияңызды осы салаға инвестициялау мүмкіндіктерін қарастыруға шақырамыз", - деді Серік Жұманғарин.
Өз тарапынан UBM Group акционері Варга Акош Қазақстанда жаңа өндірістер құруға дайындығы мен жоғары қызығушылығын білдірді. Ол үшін кәсіпорынның қажетті тәжірибесі, қуаты, заманауи технологиялары бар. Жоба Қостанай, Қарағанды облыстарында және Алматыда зауыттар салуды көздейді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында бизнес бойынша серіктес және зауыт құрылысына арналған орын анықталды, Қостанай мен Алматыда да серіктестер бар, бірақ зауыт құрылысының орнына қатысты мәселе шешілген жоқ. Мажарстандық инвесторлардың Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тағы бір зауыт салу жоспарлары бар, бірақ оны іске асыру үшін Қазақстандық серіктес әлі табылмаған. Акош Варга вице-премьерге Қостанай облысы мен Алматыда құрылыс орнын анықтай отырып, мәселелерді тез арада шешуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді.
Кездесуге қатысушылар іске қосылған өңірлер әкімдерінің орынбасарларымен бірлесіп, учаскелерді бөлуде туындайтын барлық қиындықтарды және оны тезірек іске асыру үшін жобаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды талқылады. Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер өңірлерге АШМ-мен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін инвесторлар жобаны іске асыруды кешіктірмей, осы жылдың екінші тоқсанында жер жұмыстарының кезеңіне кірісуі үшін жер учаскелерін анықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:45 47986
"ҚазМұнайГаз" басшылығы итальяндық Eni компаниясын жаңа жобаларды инвестициялауға шақырды
Достарға айту
ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Хьюстон қаласында (АҚШ) Eni компаниясының бас операциялық директоры Гвидо Брускомен кездесу өткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Тараптар Қашаған кен орнын одан әрі игеру мен ұзақ мерзімді дамытуға аса мән беріп, бірлескен жобалардың қазіргі жағдайын талқылады.
Ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру, соның ішінде елішілік құндылықты дамыту мәселелері қозғалды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша NCOC компаниясы сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті қамтудың нақты үлесі 62,1% немесе $656,4 млн, ҚПО-да - 65% немесе $679,6 млн құрады. Тараптар Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне тоқталды. ҚМГ басшысы бұл жобаның еліміз үшін маңызын атап өтті. ҚазМұнайГаз және Eni арасында геологиялық барлау саласында берік қарым-қатынас орнаған. ҚМГ жаңа жобалар пулын дайындап, италиялық компанияны оларға бірлесіп инвестиция салуға шақырды.
Маңғыстау облысында қуаты 247 МВт гибридті электр станциясын салу бойынша бірлескен жобаның күн электр станциясы 2025 жылы 3-тоқсанда, ал ГЭС пен ЖЭС 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Eni компаниясы Қазақстанның сенімді серіктесі, көпжылдық табысты ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Біз халықаралық нарықта позицияларымызды нығайту, сондай-ақ екі елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін бірлескен күш-жігерімізді жалғастырамыз", - деді А.Хасенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.03.2025, 09:57Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді 20.03.2025, 13:03 Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды9836Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды20.03.2025, 16:25 9246Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап өтеді20.03.2025, 17:38 8596Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды20.03.2025, 17:49 8351Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды
14.03.2025, 21:38 108001Үкіметте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы талқыланды14.03.2025, 18:07 107726Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді14.03.2025, 18:35 107421Үкіметте 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халық ең тығыз қоныстанған өңірлердің инвестициялық өсімі қаралды14.03.2025, 17:27 96281Тоқаев Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қажеттігін мәлімдеді14.03.2025, 15:56 89321Талқылауды аяқтау керек - Тоқаев Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы ойын айтты
25.02.2025, 14:43 140856Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды21.02.2025, 10:07 137656СҚО-да 88 елді мекен ауыз сусыз отыр07.03.2025, 16:20 135521Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 132121Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді27.02.2025, 16:48 131591Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады