25.02.2025, 14:43 1666

Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Абай облысында жасөспірімдер арасындағы жанжал ерекше бақылауға алынды: жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетілуде, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.

Абай облысында орын алған соңғы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқан барлық тараптар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта жәбірленуші жасөспірімге ерекше назар аударылуда - ол арнайы орталықта мамандардың бақылауында. Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажетті қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоционалдық әсерлерді жеңуге көмектесуде. Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр.

Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Ертең кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажетті шешімдер қабылданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны