30.06.2022, 16:39 18111

Энергетика министрлігінде мұнай-газ-химия кешендеріне арналған инвестициялар туралы арнайы келісім тетігі әзірленді

Энергетика министрлігінде мұнай-газ-химия кешендеріне арналған инвестициялар туралы арнайы келісім тетігі әзірленді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - ҚР Энергетика министрлігі "бір құжат" қағидаты бойынша ірі мұнай-газ-химия кешендеріне арналған инвестициялар туралы арнайы келісім тетігін әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстанның энергетика саласын дамытудың басым бағыттарының бірі – мұнай-газ-химия саласы. Қазіргі уақытта мұнай-газ-химия жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ-химия саласында қосылған құны жоғары тауарларды өндіру бойынша инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін "бір құжат" қағидаты бойынша ірі мұнай-газ-химия кешендері үшін инвестициялар туралы арнайы келісім тетігін әзірледі", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

 
Қазақстан Үкіметі "Шетелдік инвесторлардың Қазақстандық Кеңесі" қауымдастығымен бірлесіп, жақсартылған модельдік келісімшарт пен жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. 
 

Бұл құжаттар игерілуі қиын жобаларға, сондай-ақ газ және теңіз жобаларына фискалдық және реттеуші преференцияларды қолдануды қарастырады", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны