30.01.2025, 15:46 10311

Былтыр жүргізушілер айыппұл бойынша рекорд орнатты

Былтыр жүргізушілер айыппұл бойынша рекорд орнатты
Былтыр еліміздегі жеке және заңды тұлғалар 304.3 млрд теңге айыппұл арқалады. Бас прокуратураның есебінше, шамамен 40 %-ы (139.46 млрд теңге) жол ережесін сақтамаған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, деп хабарлайды kolesa.kz сайты.

Екінші орында салық саласындағы құқықбұзушылық, үшінші орында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында ішімдік ішу, шулау және т.б. тұр.

Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы жол ережесін бұзғандарға 88.7 млрд теңге айыппұл салыныпты, яғни көрсеткіш 36 % өскен. Ал 2014 жылы айыппұл көлемі 21.672 млрд теңге болған, былтырмен салыстырғанда 6.4 есе аз.

Он жылда айыппұл мөлшері де өзгергенін ескерген жөн. Кейбір жағдайда сома бірнеше есе жоғары. Дегенмен прокуратура статистикасы көңіл көншітпейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны