30.01.2025, 10:56 2866

"Keden" ақпараттық жүйесінде көлік құралына арналған кедендік декларацияны іске қосылады

"Keden" ақпараттық жүйесінде көлік құралына арналған кедендік декларацияны іске қосылады
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Keden" жаңа кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жұмыстары аясында халықаралық тасымалға арналған көлік құралдарын кедендік декларациялау процесін көлік құралына арналған декларация арқылы енгізуді жүзеге асырады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

2025 жылдың 31 қаңтары сағат 00:00-ден бастап, халықаралық тасымалға арналған көлік құралдарын, теміржол көлігін қоспағанда, кедендік декларациялау "Keden" ақпараттық жүйесінде декларация толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, халықаралық тасымалға арналған теміржол көлік құралдарын кедендік декларациялау "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-пен ақпараттық өзара іс-қимыл жұмыстарын аяқтағанға дейін жалғасады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны