07.09.2021, 22:32 8574

Үкімет инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасын мақұлдады

Бұл шаралар бағалардың өсуін тежейтуге бағытталған шараларды, және де инфляцияның қарқынын бекітілген нысаналы дәлізге кіргізуге бағытталған жүйелі шараларды қамтиды.
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің жобасын ұсынды,деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы жедел және орта мерзімдерге арналған 2 бағыт бойынша 70 іс-шарадан тұрады. Бұл шаралар бағалардың өсуін тежейтуге бағытталған шараларды, және де инфляцияның қарқынын бекітілген нысаналы дәлізге кіргізуге бағытталған жүйелі шараларды қамтиды", - деді Ерғалиев.

 
Инфляцияға қарсы шараларды таныстыра отырып, министр Кешенді жоспардың негізгі тәсілдерін атап өтті.
 

Бірінші бағыт — 2021 жылға арналған жедел шаралар бойынша іске асырылатын болады. Тауар ұсынысын кеңейту шеңберінде 16 іс-шараны іске асыру жоспарлануда Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар түрлерін сатып алуды ұйымдастыру және өндірушілердің қажеттілігін айқындау, форвардтық шарттар мен "айналым схемасы" шеңберінде тетігін бекіту көзделген", - деп атап өтті спикер.

 
Талдау және ұйымдастыру шаралары бойынша 7 іс-шара жоспарланған. Бұл іс-шаралар тізімі скрининг, сауда процестерін цифрландыруды, тамақ өнеркәсібінің жартылай жұмыс істейтін және тоқтап тұрған қуаттарын мониторингтеуді және талдауды қамтиды. Соның ішінде, әләуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бақылауды институционалдық күшейту көзделген.
 

Антимонополиялық шаралар бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген. Оның ішінде сауда үстемелерінің негізділігін бақылауға, бағалық сөз байласу белгілерін анықтауға және сауда-саттыққа қол жеткізуді шектеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылатын болады", - деп хабарлады СИМ баспасөз қызметі.

 
Екінші бағыт шеңберінде 2024 жылға дейінгі орта мерзімді шаралар бойынша 28 іс-шара жоспарланған. Бұл іс-шаралар тұрақтандыру қорларының жеткіліктілігін қамтамасыз ету, импорталмасу жобаларын іске асыру шараларын, сондай-ақ бағаларды әкімшілік реттеуден кету және дезинфляциялық ақша-несие саясатын жүзеге асыру сияқты жүйелі шараларды қамтиды.
 

Инфляцияға қарсы әрекет ету шараларын тиімді іске асыру және олардың орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында Сауда және интеграция министрлігі қарамағында тұрақты жұмыс істейтін операциялық штаб құру ұсынылады, оның құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары кіреді", - деп түйіндеді СИМ басшысы.

 
 

Оның 50%-дан астамы азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне тиесілі болып отыр. Қазақстанда ағымдағы жылғы тамызда инфляцияның ай сайынғы өсуі 0,5%-ды құрады. Маусымаралық факторлар және кейінге қалдырылған сұраныс әсерінен ақылы қызметтер және азық-түлік емес тауар бағаларының өсуінің үлесі артты. Осының салдарынан, ақылы қызметтер бойынша бағалардың өсуі 0,8%, азық - түлік емес тауарлар бойынша - 0,6%, азық-түлік тауарлары бойынша - 0,1% құрады", — деді Ә. Ерғалиев.


Бұған дейін Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарын қабылдаған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны