11.08.2021, 17:34 16763

Мамин әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру шараларын ерекше бақылауға алуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет басшысы әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру шараларын күшейтуді және ерекше бақылауға алуды, Ұлттық экономика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға биылғы тамыз айының соңына дейін инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру жөніндегі шаралардың жаңа топтамасын қабылдап, іске асыра бастауды тапсырды.
 

Барлық өңір әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз етуі қажет", — деді А. Мамин.

 
Үкімет басшысы Қазақстан экономикасында төрт ай қатарынан сенімді өсім байқалатынын атап өтті. Жеті айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 2,7% құрады. 
 
Экономиканың нақты секторы өсімнің негізгі драйвері болып қала береді. Серпін өнеркәсіптегі (+2,5%), құрылыстағы (+11,1%) өндірістің өсуімен, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсу қарқынымен (+2,4%) қамтамасыз етілді. 
 
Өнеркәсіптегі өсім 2,5%-ға өңдеу секторындағы өндірістің 5,9%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Өндіріс қарқынының артуына фармацевтика өндірісінің (+38,9%), машина жасаудың (+22,7%), оның ішінде автомобиль жасаудың (+34,7%) және локомотивтер мен вагондар өндірісінің (+37,7%), мұнай өңдеудің (+8%), жеңіл өнеркәсіптің (+5,4%), азық-түлік өнімдері өндірісінің (+3,9%) және химия өнеркәсібінің (+1,9%) өсуі ықпал етті. 
 
Құрылыс секторында 11,1%-ға және тұрғын үйді пайдалануға беруде 10,3%-ға немесе 7,7 млн м? жоғары өсу қарқыны байқалады. 
 
Сақталып отырған шектеу шараларына қарамастан, саудадағы (+9,1%) және байланыстағы (+12,5%) жоғары динамика есебінен көрсетілетін қызметтер секторында өсу қарқыны (+2%) артуда. 
 
Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығындағы тұрақты өсу қарқыны (+3,4%) есебінен 2,4% деңгейінде тұрақты өсу қарқыны байқалады. 
 
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі (НКСИ) тау-кен өндірісін есептемегенде 18,3%-ды құрады. НКСИ жоғары көрсеткіштері құрылыста (+129,6%), өңдеу өнеркәсібінде (+82,9%), ақпарат және байланыс саласында (+48%), ауыл шаруашылығында (+45,5%), саудада (+40%) байқалады.
 
Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Батыс Қазақстан облысы ең төменгі көрсеткіштерге ие.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны