22.07.2023, 21:18 25981

Ақтөбеде үш қыз суға батып кетті

Олар тыйым салынған жерде шомылған
Әйтеке би ауданында кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалар суға батып кетті, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

21 шілде күні сағат 16:45-те Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылдық округі, Аралтоғай ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы Ырғыз өзенінде 3 жасөспірім қыздың шомылуға тиым салынған жерде суға батып кеткені жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнынан куәгерлер 2007 және 2011 жылғы туылған балалардың денесін судан шығарған.

2013 жылғы туылған қыз баланың денесін жедел құтқару жасағының құтқарушылары сағат 21:32-де жағадан 10 метр қашықтықта 6 метр тереңдіктен денесін судан шығарды.

Алдын - ала ақпарат бойынша 2007, 2011 және 2013 жылы туылған 3 қыз балалар, олардың екеуі Әйтеке би ауданының тұрғындары, үшіншісі Ырғыз ауданынан қонаққа келген.

Суға шомылу кезінде, бір қыз баланың анасы қастарында болған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны