22.07.2023, 21:08 25986

Алматы облысындағы болған селдің алдын алу шаралары нәтижелі болды

Қазіргі уақытта Алматы қаласының, Алматы облысының және Жетісу облысының тауларында мұзды және нөсер генезисінің сел қаупінің жоғары дәрежесі сақталуда
ҚР ТЖМ Қазселденқорғау жоғары температуралық фонға және жауын-шашынның болжамына байланысты алдын ала Қазселденқорғау бекеттері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

11 авариялық-механикаландырылған бригада құрылды.

Алматы қаласы мен Алматы облысының мұздақ көлдерінде ағынды сулардың арналарын тереңдету және назар аударуды қажет ететін учаскелерде суды қауіпсіз белгілерге дейін сорып щығару бойынша алдын алу іс-шаралары белсенді түрде жалғасуда.

Жалпы, жыл басынан бері 18 аэровизуалды және 700-ден астам жерүсті зерттеу жұмыстары жүргізілді, мұздақ көлдерде барлау жұмыстары жүргізілуде.

Аюсай" селді ұстап қалатын бөгеттің уақтылы салынуының арқасында Құмбел өзені (Үлкен Алматы өзенінің бассейні) бойынша сел тасқынына жол берілмеді, сел шөгінділерін, ағаштардың тамыры мен діңдерін ұстап қалды.


Қабылданған алдын алу шаралары елді мекендер үшін сел шығарындыларының салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді, профилактикалық сипаттағы шаралар қабылдау жалғасуда.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының, Алматы облысының және Жетісу облысының тауларында мұзды және нөсер генезисінің сел қаупінің жоғары дәрежесі сақталуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны