Алматы облысында жер сілкінісінен кейін 19 нысанда жарықтар табылды
Сурет: Depositphotos
Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Республикалық жедел штабтың кезекті отырысына азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және ТЖМ аумақтық бөлімшелері қатысты.
Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс өткізу барысында ТЖ министрі ТЖ жағдайында қауіпсіз және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тартылған азаматтық қорғау қызметтерінің жұмыс барысы туралы жаңартылған баяндамаларды тыңдады.
Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түсті.
ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматы қаласының аумағында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 164 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Осыдан кейін 15 сағат 23 минут және 15 сағат 24 минутта ҚР аумағында сезілмеген дүмпулер болды. 18 сағат 09 минутта эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында ҚР аумағында сезілмеген жер сілкінісі тіркелді.
Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 19 объектіде жарықтар табылды.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында жағдай тұрақты.
Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.