30.07.2023, 21:57 13021

Алматыдан 316 шақырым жерде жер сілкінді

Сейсмологтар магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді
Сейсмологтар Алматыдан 316 шақырым жерде магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС 2023 жылғы 30 шілдеде Алматы уақытымен 02:58-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2;

MPV магнитудасы - 4.8;

Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны