15.12.2023, 19:26 66401

Атырауда мұнай вагонының жарылуы салдарынан цех жартылай қирап қалды

Зардап шеккендер жоқ
Атырауда мұнай вагонының жарылуы салдарынан цех жартылай қирап қалды
Сурет: gov.kz
2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 13:58-де Атырау қаласы Оңтүстік өндірістік аймағында орналасқан "Batys Petroleum" ЖШС-нің №1 цехтың жуу-буландыру станциясында жылжымалы темір жол құрамын(цистерна) тазалау кезінде мұнай қалдықтары жанып тұрған газ-ауа қоспаларының дүмпу болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Дүмпу салдарынан цех құрылымдарының ішінара (бөлігі )құлауы болды. Сол уақытта автоматты өрт сөндіру құрылғысы іске қосылып, сонымен қатар "Batys Petroleum" ЖШС-мен келісім-шартта отырған мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген.

Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 5 бірлік техника, "Апаттар медицинасы орталығын" 3 қызметкер 1 бірлік техника, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС 5 адам 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны