27.01.2025, 08:11 20536

Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды

Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды
Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бүгін Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көрді.

Құтқарушылар көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған айелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.

Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады. Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны