30.11.2023, 14:43 51336

Әкімдік өрт салдарынан зардап шеккендерді қолдау бойынша барлық шараларды қабылдауда

Денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде ұсынуда
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Шәріпов көшесінде орналасқан хостелдің аумағында болған өрт орнына келіп, ғимаратты қарап, өрттің алдын ала болу себебін тыңдады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қала басшысы әкімдік зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдау бойынша барлық шараларды қабылдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта аудан әкімдігі жедел түрде уақытша баспана берді, сондай-ақ барлық эвакуацияланғандар үшін тамақтану ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде ұсынуда.

Ерболат Досаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны