09.01.2024, 13:57 67546

Ұлытау облысының құтқарушылары жоғалған бес адамды аман есен тапты

Зардап шеккендер жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес
Ұлытау облысының құтқарушылары жоғалған бес адамды аман есен тапты
Сурет: ТЖМ
Ұлытау облысының құтқарушылары жоғалған бес адамды аман есен тапты, деп хабарлайды Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 7 Қаңтарда Ұлытау облысы ТЖД жедел кезекшісіне Тараз қаласының азаматшасынан 2024 жылғы 3 қаңтар күні Жамбыл облысы Тараз қаласынан Ұлытау облысы Ұлытау ауданының Коскөл ауылына сағат 18:00-де "Нива" автокөлігімен 5 жұмысшы (1981 ж. т., 1988 ж. т., 1973 ж. т., 1972 ж. т., 1968 ж. т.) жолға шыққаны байланысқа шықпай қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

2024 жылғы 8 қаңтар күні сағат 09:00-де Ұлытау және Қызылорда облыстарының ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдарының және тұрғындарының, туыстарының 30 адам және 3 бірлік техника құрамында Қоскөл ауылынан 250 км радиуста жоғалған бес адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 8 қаңтарда сағат 17:55-те далада жоғалып кеткендер аман-есен табылды. Зардап шеккендер жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны