09.02.2022, 17:57 43116
Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры жарты миллиард теңге жымқырғаны үшін ұсталды
Сурет: paryz.kz
Ол Instagram парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.
7 ақпанда оны ұстады, ал сегізінде ешқандай дәлелсіз қамауға алды", - дейді видеода бас директордың ұлы Сұлтан.
Оның айтуынша, тергеу Оспанбек Әлсейітовті бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанына қарамастан, 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр. Ұлының айтуынша, бұл құжаттар Оспанбек Әлсейітов "Қазмұнайгаз" департаментінде жұмыс істеген кезде қабылданған.
Барлық дәлел келтірілді, бірақ экономикалық тергеулер департаментінің тергеушісі оны елемеді, дейді Әлсейітовтің ұлы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ПМХЗ-да уақытылы жөндеу жүргізбегені үшін Әлсейітовке сөгіс жариялады, бұл отын өндірісінің төмендеуіне, ақыры оның тапшылығына әкелді.
Ақпарат көзі: sputnik.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.04.2025, 15:27 11281
Алматыда қыз баланы жүк көлігімен қағым кеткен жүргізушісі қамауға алынды
Қала прокуратурасы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс бойынша "Renault" жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қолдады, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Новая-Бурундайская көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қала прокуратурасы көлік иелерін сақ болуға, жолдарда өзара сыйластық танытып, жол ережесін сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.04.2025, 10:43 21946
Шымкентте жасөспірімдер пойыз вагонына жармаспақ болған
Жасөспірімдер пойыз вагонына жармаспақ болды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен.
Шымкент қаласының вокзалында жасөспірімдердің теміржол ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. "Атырау - Алматы" бағытындағы №42 жолаушылар пойызының жөнелтілуі кезінде үш жасөспірім соңғы вагонға жармасып мінуге әрекет жасаған. Аталған заңсыз әрекет теміржол қауіпсіздігі ережелерін елемеумен қатар, ауыр қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін еді.
Оқиғаны Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзалдың кезекшісі Мейірбек Керімбеков дер кезінде байқап, бірден станция кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне хабар берген. Теміржол қызметкерлері мен полицияның жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жеке тұлғалары анықталып, оқиғаның мән-жайы зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.
Оқиға салдарынан пойыздың жөнелтілуі бес минутқа кешігіп, құрам сағат 01:28-де қозғалысын қайта жалғастырды.
Ұлттық тасымалдаушы вагонға жармасу сынды әрекеттердің теміржол көлігі қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын және бұл адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін қатаң түрде ескертеді. Мұндай құқықбұзушылықтар ауыр жарақаттар мен адам өліміне алып келуі мүмкін.
Қолданыстағы ережелер мен талаптарға сәйкес, жолаушылар пойызға тек вокзалдар мен станцияларда орналасқан арнайы жабдықталған платформалар арқылы ғана міне және түсе алады. Техникалық аймақтарға өтуге, сондай-ақ вагондардың сыртқы бөліктеріне жармасуға қатаң тыйым салынады.
Техникалық аялдамалар кезінде пойыздан шығуға қатаң тыйым салынады. Құрам елді мекеннен тыс жерлерде тоқтаған жағдайда да жолаушыларға сыртқа шығып серуендеуге немесе темекі шегуге рұқсат етілмейді. Аталған шектеулер жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілген.
Сондай-ақ жолаушыларға теміржол жолдарын белгіленбеген жерлерден кесіп өтуге қатаң тыйым салынады. Теміржол нысандары аумағында мас күйде жүруге де жол берілмейді.
Жолаушылар тасымалы" АҚ ата-аналарға жасөспірімдердің арасында теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, компания азаматтарды қырағылық танытуға және қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын байқаған жағдайда, дереу теміржол қызметкерлеріне немесе желілік полицияға хабар беруге шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 13:15 43031
Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапты
Алматы полицейлері 19 жастағы қыздың өлімін тергеп жатыр. Ол тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға қала орталығына жақын орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оқиға таңертең ерте болған. Өткен түні қыз өзінің жігітімен жанжалдасқан болуы мүмкін. Жанжалдан кейін ол тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен қолында телефонмен құлап, қайтыс болды. Марқұм небәрі 19 жаста еді", - делінген хабарламада.
Полицейлер "өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 11:50 43306
Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін Мәдениет үйі, аурухана және мектеп ғимараттарында жарықтар пайда болды
Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда, деп мәлім етті аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелген болатын.
Жер дүмпуінің жоғары қарқыны - 5 балл - Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында - 2 баллды құрады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.
Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 09:36 43621
Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды
ҚР ТЖМ "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 03 сағат 42 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Жамбыл облысындағы сезімталдығы туралы мәліметтер:
Есептік қарқындылығы:
Мерке ауылы 5.0 б.
Кұлан ауылы 4.0 б.
Шу қаласы 2.0 б.
Толе Би ауылы 2.0 б.
Сарыкемер ауылы 2.0 б.
Тараз қаласы 2.0 б.
Қордай ауылы 2.0 б.
Аса ауылы 2.0 б.
Мойынкұм ауылы 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.03.2025, 11:18 55596
ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады
ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Астаның Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталуы орын алып, өрттің шығуына себеп болды.
ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.03.2025, 12:10 65296
Қосалқы станциядағы өрттен кейін Хитроу әуежайының жабылуына байланысты Лондонға рейстерді ауыстырылды
Air Astana әуекомпаниясы Лондоннан және Лондонға ұшатын жолаушыларды рейстердің ауыстырылуы туралы ескертті.
Air Astana әуекомпаниясы Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағыттарындағы KC663/664 рейстер 21 наурыздан 22 наурызға шегерілгенін хабарлайды. Рейстің кешіктірілуіне электр подстанциясындағы өрт салдарынан Хитроу әуежайында электр құрылғыларының істен шығуы себеп болды"- деп хабарлайды Air Astana.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.03.2025, 17:38 73551
Шығыс Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты
Қазақмыс" компаниялар Тобы 2025 жылдың 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға орын алғаны туралы қайғыра хабарлайды.
№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.04.2025, 09:51Жаз өте ыстық болады: премьер-министр өрт қаупі жоғары маусымға дайындалуды тапсырды 15.04.2025, 10:12 17541Энергетика, өнеркәсіп және цифрлық технологиялар: ЕАДБ Қазақстанға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр15.04.2025, 09:41 12306Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің басшылары сотталды15.04.2025, 15:09 11651Автомобиль және теміржолдардағы жағдай тұрақты: Шайып кету және су басу байқалмайды15.04.2025, 17:25 11216Өңірлерде ормандағы өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтіледі
10.04.2025, 18:03 101331Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері 520-дан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген10.04.2025, 17:06 100866Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды11.04.2025, 17:18 90636Астананың жедел жәрдем автопаркі 50-ге жуық көлікпен толықтырылды11.04.2025, 15:33 87631Біз қатаңдатпаймыз, тек ретке келтіреміз - Тоқаев жаңа салық саясаты туралы пікірін білдірді11.04.2025, 11:25 80591Президент Шымкенттегі бірқатар нысанды аралап көрді
21.03.2025, 18:05 126581Астанада Наурыз мерекесіне орай ерекше эко-киіз үй орнатылды20.03.2025, 18:41 126541ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Үміт" балаларды қолдау орталығына барып қайтты20.03.2025, 17:49 124541Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 122841Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды21.03.2025, 11:38 122186Астанада "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті