29.11.2023, 17:42 47671

Шығыс Қазақстанда екі баланы ит талап тастады

Балалардың бірінің жағдайы жақсарып қалды, ал бет терісінде көптеген тістелген жарақаты бар екінші пациентке шұғыл түрде ота жасалды
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ит талаған екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған. Аулада ойнап жүрген екі балаға ит шабуыл жасап, талап тастаған. Қазіргі уақытта олар Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, медициналық көмек көрсетілген балалар дәрігерлер бақылауына алынған.

Балалардың бірінің жағдайы жақсарып қалды. Ал бет терісінде көптеген тістелген жарақаты бар екінші пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты", - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.


Оның сөзінше, әуелде балалардың бірі өзін ит талағанын мойындамай, әйнекке құлап қалғанын айтқан. Алайда жарақаттарынан ит қапқаны айқын көрінген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны