01.08.2023, 19:32 23646

СІМ Түркияда жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеме жасады

6 азаматымыз бүгін түнде Қазақстанға оралады
Қазіргі таңда Аланиядағы жол апатынан кейін емделіп жатқан 11 қазақстандықтардың ішінен 6 азаматымыз емханадан шығарылды, олар бүгін түнде Қазақстанға оралады, деп мәлім етті ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

ҚР 5 азаматы дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастыруда, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық емдеу шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді.

Қазақстандық дипломаттар қайтыс болған ҚР азаматының жақын туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны