31.07.2023, 11:00 20181

Түркиядағы ЖКО-нан зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайлары белгілі болды

Жол апатынан зардап шеккен екі қазақстандыққа ота жасалды
Түркиядағы ЖКО-нан зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайлары белгілі болды
Сурет: ntv.com.tr
Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан зардап шеккен екі қазақстандыққа ота жасалды, жағдайлары орташа ауыр, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстандық консул жол апаты болған Алания аймағында болып, жарақат алған туристердің жағдайын білу үшін ауруханаға барды.

Отандастарымызға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде төрт баланың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар", - деп көрсетілген хабарламада.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық туристер мінген экскурсиялық шағын автобус 30 шілде күні Аланияда жүк көлігімен соқтығысқан болатын. Жол апаты кезінде екі адам - жүргізуші мен гид көз жұмды. 12 адам зардап шекті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны