04.01.2024, 17:05 67651

Таразда автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, 10 автокөлікке соғылды

56 жастағы әйел дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді
Таразда автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, 10 автокөлікке соғылды
2024 жылғы 4 қаңтарда сағат 10:45 шамасында Тараз қаласы Төле би даңғылының бойында келе жатқан №56 бағыттағы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тұрақта тұрған автокөліктерге (10 бірлік) соқтығысқан, деп хабарлайды Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.  

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болып, оның біреуі - 56 жастағы әйел дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

ЖКО орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны