24.03.2025, 11:18 7646

ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады
ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгін Астаның Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталуы орын алып, өрттің шығуына себеп болды.

ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны