10.01.2024, 17:20 40466

Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қызығушылық танытуда

2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадалина Лупумен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесуде көлік, логистика және авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Көлік министрі Марат Қарабаевтың Румынияға алдағы сапары талқыланды.

Қазақстандық тарап алдағы сапар аясында Румыниямен Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге, Вице-министр Румынияның ТХКБ аясындағы рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ екі ел компанияларының белсенді қатысуын және жүк тасымалдаушылар арасындағы жақсы жолға қойылған байланыстары туралы жеткізді.

Атап айтқанда, тараптар Еуропамен көлік байланысын жақсарту мақсатында өзара ынтымақтастық пен ТХКБ дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Румынияда Халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша Бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.

Елші қабылдау үшін алғыс айтып, екі елдің ТХКБ аясындағы ынтымақтастығы Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың кілті болып табылатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар көлік саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді және өткен іскерлік әңгіме үшін алғыс айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны