12.03.2025, 15:07 4886

Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама енгізілмек

Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама енгізілмек
Еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде антибуллингтік бағдарлама, деп хабарлайды оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда буллингпен күрес шеңберінде 110 мектепте "KiVa" бағдарламасы пилоттық түрде жүзеге асырылуда, сондай-ақ "ДОСБОЛLiKe" отандық буллингке қарсы бағдарлама әзірленді. Пилоттық жоба 50 мектепте ұйымдастырылуда.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "ДОСБОЛLiKe" антибуллингтік бағдарламасын барлық мектептер мен колледждерде енгізу жоспарланып отыр", - деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Спикер мектептердегі балалардың буллинг әрекеттері үшін олардың ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ мектептердегі психологиялық қызметтер мен мектепішілік есепке алудың бірыңғай қағидалары қабылданды.

Бүгінгі таңда 82% есепке алынған балалар проактивті түрде қосымша біліммен қамтылған. Зардап шеккен балаларға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін ведомствоаралық жедел әрекет ету алгоритмдері қолданысқа енгізілді", - деді оқу-ағарту вице-министрі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны