05.02.2021, 19:14 47249

Мамин: Қазақстанның барлық ірі қалалары бес жыл ішінде 5G-мен қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары 5G жабынымен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 
Бұл туралы "Digital Almaty 2021: цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс" форумында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин хабарлады.
 
Оның айтуынша, деректерді өңдеу және сақтау саласына инвестициялар 6 есеге артады (82 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін). Электрондық сауданың үлесі 2 есе ұлғайтылатын болады.
 

Цифрлық салада бизнесті қолдау шараларының арқасында 1000-нан астам инновациялық компания құрылады, бұл АКТ экспорты көлемінің 25 еседен астам өсуіне әкеледі. АT-саласында шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны құрылады, бұл сыни массаны қалыптастыруға және экономиканың барлық салаларында мультипликативтік әсерді іске қосуға көмектеседі", — деді А. Мамин.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылға қарай Қазақстан 5G стандартына көшеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны