12.11.2024, 10:33 28351

Алматының Наурызбай ауданында 1500 орындық жайлы мектеп салынуда

Алматының Наурызбай ауданында 1500 орындық жайлы мектеп салынуда, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданын аралау барысында 1500 орындық жайлы мектептің құрылысымен танысты.

Білім беру мекемесінің құрылысы өткен жылдың тамыз айында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында басталды. Онда оқыту бір ауысымда өтеді.

Наурызбай ауданында барлығы 12 мемлекеттік мектеп, 16 жекеменшік және НЗМ жұмыс істейді, онда 32 мың бала оқиды. Халықтың өсуі мен белсенді тұрғын үй құрылысын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығы сақталуда. Биылғы оқу жылында осы ауданда оқушы орындарының тапшылығы 4 мыңнан астам орынды құрайды. Ол үшін ауданда 6900 орындық жаңа мектептердің құрылысы мына мекенжайларда жүргізілуде: "Алем Сити" ТК, "Алма Сити-4" ТК, Құрамыс шағын ауданы және Сәбденов көшесі. Сонымен қатар, өткен жылы Шұғыла шағын ауданындағы № 174 мектепке 375 оқушыға арналған қосымша құрылыс басталды.

Алматы басшысы жұмыс сапары барысында келесі оқу жылына қалалық мектептердің бір бөлігі бір ауысымдық оқуға ауыстырылатынын атап өтті.

2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай "Жайлы мектеп" жобасын іске асырудың арқасында қала бойынша оқушы орнының тапшылығы 30 мыңға жуық оқушы орынға азаяды деп жоспарлануда. Болашақта оқушылар санының 3-4 мыңға өсуіне орай жыл сайынғы тапшылық қала жаңа мектептер, толықтырулар мен реконструкциялар салу арқылы біртіндеп жабылатын болады", - деп атап өтті Ерболат Досаев.


Нысанды аралап шыққан қала басшысы барлық жұмыстарды белгіленген кестеге сәйкес, атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін аяқтауды және олардың жоғары сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мектеп салумен қатар, қалалық мобильділік басқармасы мектепке кіреберіс жолды және 70 көлікке арналған паркингті ұйымдастырумен де айналысады. Жыл соңына дейін ұзындығы 605 м. жолдың бүкіл учаскесінде асфальтбетон жабынының төменгі қабатын орнату бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Бұл жұмыстарды аяқтау осы жылдың 30 қарашасына дейін жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны